Дариға Назарбаеваның қызы тұрмысқа шықты
23 маусым, сенбі күні, Алматыда Дариға Назарбаеаның қызының тойы өтті.
Венера –Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш немересі. Венера 22 жастағы Дален Шайжүнісовқа тұрмысқа шықты. Ол Қазақстандағы әйгілі Шайжүнісовтер әулетінің ұрпағы.
Дален Шайжүнісов Алматыда туып-өскен. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң мамандығын бітірген, деп хабарлайд Zakon.kz.
Венера – әлі студент. Қоғамдық коммуникация мен өнер саласында игеруде. Анасы Дариға Назарбаева өткізетін қайырымдылық шараларына қатысады.
Жас жұбайлар 2 жыл бұрын танысып, мамыр айының басында некелесті. Салтанатты рәсім Ritz-Carlton залында өтті. Отбасылық достары мен туыстары ғана қонақ болды. Елбасы мен Дариға Назарбаева жас жұбайларға бақытты ғұмыр тіледі.
Жаңа отбасын құру мерекесі қазақы үлгіде тойланды. Тойдың ас мәзірінде европалық элементтегі қазақ тағамдары таңдалды. Отандық әуендер ойнатылды.
Жас жұбайларды құттықтауға Ресейден арнайы Филипп Киркоров келді. Ол өзінің ең әдемі шоуын қойды.
Дариға Назарбаеваның отбасында 7 жасар ұлы Асылжан өсіп келе жатыр. Назарбаева одан бөлек 7 жастағы немересі Сұлтанды өсіріп отыр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.