Дариға Назарбаева кеден бекетіндегі былық туралы жайып салды

Дариға Назарбаева еліміздегі кеден бекетінде болып жатқан былықтың шетін ашты. Сенатордың айтуынша, кеден қызметкерлері импорттың, әсіресе Қытайдан әкелінетін тауардың көлемін жасырады екен. Осылайша, кәсіпкерден пара алып, оны салықтан босататын көрінеді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Дариға Назарбаева

Елімізде Қытайдан тауар әкеліп жатқандардың көбі баж салығын төлемейді екен. Артық шығыннан айналып өтудің жолын тапқан олар кеден қызметкерлерінің қолына ақша ұстататын көрінеді.

«Қытаймен арадағы тауар айналымына келсек, 11 түрлі бұйым бойынша статистикалық мәлімет 50 пайызға төмендетілген. Мәселен, елімізге киім, жиһаз, төсек-орын жабдығы, ойыншық, көкөніс пен жеміс-жидектің 60-90 пайызы контрабандалық жолмен келіп жатыр», – дейді сенат депутаты Дариға Назарбаева.

Қазақстанда импорттық тауардың 10-45 пайызына ғана баж салығы салынады. Қалғаны кеденшілердің қалтасына түседі.

Назарбаеваның сөзінше, «Transparency Kazakhstan» қоры жүргізген зерттеудің нәтижесінде қазақстандық кеденшілердің пара алуға, ақша бопсалауға және жемқорлыққа жақын екені жазылыпты.

«Оңтүстік Корея мен Жапониядан келетін кейбір тауарлар көлемі 60 пайызға төмендетілген, ал Пәкістаннан  керісінше 80-100 пайызға жоғары. Ұлыбританиядан да жалған көшірме заттар өткен. Сондай-ақ, кеденшілер АҚШ-тың импортын да 50 пайызға төмендетіп көрсетеді», – дейді сенатор.

Сондай-ақ, Дариға Назарбаева контрабандалық тауарлардан және кеденшілердің жемқорлығынан мемлекетке қанша зиян келгенін жария етуді талап етті. Себебі кеденнен заңсыз өткізіліп жатқан тауар мемлекетке үлкен шығын ғана емес, адамдардың денсаулығына да қауіп төндіреді.

Сонымен қатар сенат депутаты аспан асты келінен әкелінетін тауарларды көлікке тиеп, оны түсіру Қазақстан аумағында ғана жүргізілуін талап ететін келісім жасауға кеңес етті. Мұндай жағдайда, шекара маңында орналасқан елді мекендердің тұрғындары үшін жұмыс орындары ашылатын болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар