Дарға асылған азаматтың кінәсіз екені жарты ғасырдан кейін дәлелденді

Ирландияда 140 жыл бұрын дарға асылған адамның кінәсіз екені дәлелденді. Ирландия президенті Майкл Хиггинс Ирландия Республика ретінде аталмай  тұрып жазаланған Майлз Джойсты ақтап алды. Ол бұл іс «Ирландия және Британ тарихында ұятқа қалдыратын оқиға» екенін және осы шешім өткеннің қателігін түзету керек деп айтты.

Бұл туралы Sky News хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Джойс бес адамды өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 1882 жылдың желтоқсан айында дарға асылған. Дегенмен, Джойспен бірге сотталған екі адам оның кінәсіз екенін айтқан. Бірақ сол уақытта бұл ақпаратқа қарамастан, оны жазалаған. Сонымен қатар, сот тыңдауы жазаланушылар түсінбеген ағылшын тілінде жүргізілген.

Бір ғасырдан астам уақыт бұрын Ирландияның Голуэй округінде болған қылмыс елге қатты әсер етті.  Сол кезде алты адамнан тұратын отбасының бесеуі үйінде қастандықпен өлтірілген. Джойстың кейбір жәбірленушілермен араласқаны туралы белгілі болған. Бірақ оның қылмысқа қатысы бар деген ақпарат  күмән тудырған.

Ирландия үкiметі жазаланған азаматқа тағылған айып жалған екенi анықтағаннан кейiн, Джойстың кiнәсiздiгi туралы алғаш рет 2015 жылы жариялады.

Оқи отырыңыз:

Финляндияда алғаш рет ер адам дүниеге сәби әкелді

Бойжеткен анасының жүрегі ұстап қалған соң, 140 келіден арықтаған

Әйел 4 жыл бойы күйеуі мен қызын жасырын суретке түсіріп, жұлдызға айналды

Сал ауруына шалдыққан жігіт махаббаттың арқасында толыққанды өмір сүруді үйренді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар