Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жекпе-жек қалай өтті: Данияр Елеусінов жетінші жеңісіне қол жеткізді

Данияр Елеусінов Американың Оксон Хилл қаласында жекпе жек өткізді. Спортшы чилилік Луис Норамбуэнамен айқасты. 

eleusinov

Данияр Елеусінов жекпе-жек бастала салысымен қарсыласын жойқын соққыларымен күтіп алды. Луис Норамбуэна да осал еместігін көрсетіп, қарсылық танытып бақты. Жылдым қимылымен көзге түсті. Даниярға әлсін-әлсін соққыларын жіберіп жатты.

Барлық 6 раунд осылай тартысты өтті. Алғашқы рауДанияр небәрі екі күн ішінде қарсыласын танып білмеген. Алайда рингте қарсыласын қуып жүріп соққы жасады. Луис Норамбуэнаның Даниярдан бойы, аяқ-қолы қысқа. Сондықтан айқас кезінде ыңғайсыздықтар болды.  

Жекпе-жек MGM National Harbor ойын-сауық кешенінде өтті. Елеуінов 150,2 фунт, Норамбуэн 149,4 фунт салмақта шықты. 

Елеусінов 8 маусымдағы Головкин-Роллс андеркардында жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда қандай да бір себептермен айқас болмайтын болды. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Геннадий Головкиннің Данияр Елеусіновті андеркардында жұдырықтасуына кедергі келтіргені туралы жазылды. Алайда боксшының өзі мұны жоққа шығарды

Талқылау