Данияр Елеусінов Головкиннің бокс кешінде жұдырықтасатынын мәлімдеді
Данияр Елеусінов Геннадий Головкиннің 8 маусымда Нью-Йоркте өтетін жекпе-жегінің андеркардында жұдырықтасады.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Елеусінов 25 мамырда Усик пен Такаманың жекпе-жегінде жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда спортшының жоспары өзгеріпті.
«Біз Даниярдың жекпе-жек өткізетін уақытын өзгертіп, 25 мамырдың орнына, 8 маусымда Геннадий Головкиннің бокс кешінде жекпе-жек өткізуді ұйғардық. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Ал қарсыласының есімін таяуда хабарлаймыз», - дейді Елеусіновтің менеджері Зия Әлиева.
Бұл Елеусіновтің кәсіби мансабындағы жетінші жекпе-жек болмақ. Ол бұған дейінгі 6 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен.
Еске сала кетсек, Геннадий Головкин 8 маусымда канадалық Стив Роллспен жұдырықтасады.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
