Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияр Елеусінов кәсіби рингте екінші жеңісіне қол жеткізді (видео)

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегінде венгриялық Золтан Шабоны жеңді.

Данияр Елеусінов

Сурет: sports.kz

Бұл туралы  SPORTINFORM-ге сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Лондондағы «York Hall» орталығында қазақстандық боксшы, «Matchroom Boxing» компаниясының жұлдыздарының бірі Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегін өткізді. Оның қарсыласы венгриялық Золтан Шебо болды.

6 раундқа созылған жекпе-жек қазақстандық боксшының (60-54) жеңісімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетсек, Елеусінов кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегінде америкалық Ноа Кидті жеңген еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Бейсенбі, 07 Маусым, 2018 07:25
Талқылау