Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияда алғаш рет әйелге бетін жауып тұратын никаб кигені үшін айыппұл салынды

Данияда алғаш рет әйелге бетін жауып жүргені үшін айыппұл салынды. Мұсылман әйелдердің бет-әлпетін жауып тұратын никабты киген әйел 54 600 теңгеге жуық айыппұл төледі.

Данияда алғаш рет әйелге бетін жауып тұратын никаб кигені үшін айыппұл салынды

Бұл туралы The Local хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Құқық бұзушы мен басқа әйел арасындағы қақтығыстан кейін полиция қызметкерлері Херсбург қаласындағы сауда орталықтың келушілерін бөлімшеге шақырды. Полицияның айтуынша, төбелес кезінде әлгі әйел 28 жастағы қыздың нигабын шешіп алған.

«Төбелес кезінде 28 жастағы қыздың басындағы нигабы шешіліп қалды, бірақ біз оқиға орнына келгенде ол оны қайтадан киіп алды», – дейді полиция қызметкері.

Тәртіп сақшылары нигабтағы мұсылман әйелді суретке түсіріп, бақылау камерасындағы оқиғаның жазбасын алды. Қызға 54 600 теңгеге жуық айыппұл салынып, одан басындағы орамалын шешуін  немесе қоғамдық орыннан кетуін сұрады. Мұсылман қыз екіншісін таңдап, сауда орталығынан кетуге мәжбүр болды.

Данияда мамыр айының соңында бет-әлпетін жасырып жүруге тыйым салынған заң жобасы қабылданған болатын. Ал, мұсылман қыз осы заңды бұзған алғашқы адам болып жазаға тартылды. Сондай-ақ, 1 тамызда күшіне енген заң бойынша оны бірнеше рет бұзған адам 1,560 доллар айыппұл төлейді.

Талқылау