Дания билігі мемлекеттік мекемелердің асхана мәзіріне доңыз етін қосуды міндеттеді

Жұма, 22 Қаңтар , 2016 13:50

Данияның Раннерс қаласының кеңесі мемлекеттік мекемелерге, соның ішінде мектеп, колледж бен институттардың асханаларына доңыз етінен тағам дайындауды міндеттеді.

svinaya-garmoshka

Бұл туралы The Independent хабарлайды.

Бұл бастаманы 16 адам қолдап, 15 адам қарсы шықты. Кеңес қорытындысында, дат асханасында, негізінен, доңыз етінен жасалған тағам берілетіні айтылды.

Бұл мәселе елде сынға ұшырап үлгерді. Депуттаттардың бірі, социал-либерал Могенс Нюхольм бұл бастамаға қарсы шыға отырып, оның дұрыс еместігін айтты. Ал, оның әріптесі экс-минстр Ману Сарин Раннерстің депутаттарын балаларға идеологиялық тұрғыда әсер етпекші деп айыптады.

Данияның ұлттық партия консерваторлары кеңестің келісімін қолдап, елдегі мигранттар өз ережелерін орнатпауы керек десті. Олардың айтуынша, балалардың не жеуі керектігі елдегі өзге ұлттардың қалауымен шешілмеуі тиіс.

Данияда қазіргі уақытта мемлекеттік мекемелерде доңыз етінен тағам беру керек пе, жоқ па деген тақырыпта пікір-талас жүріп жатыр. Олар Ислам дінінде лас деп саналатын жануар етін енгізу мұсылман халқының ренішін тудыруы мүмкіндігі жайлы талқылап жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
16.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар