Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данагүл Темірсұлтанова қызын сынағандарға: Біз оның әртіс болғанын қаламадық

Айым Сейтметованың танымалдылығы артқан сайын, талантына күмән білдіретіндердің қарасы көбейген. Атағы аспандаған жас актрисаның жетістігіне жұлдызды ата-анасының әсері мол деседі жұрт. Ғаламтордағы сыни пікірлерді жиі оқитын Данагүл Темірсұлтанова қызын осылай қудалағандарға жауап бермек.

Данагүл Темірсұлтанова қызын сынағандарға: Біз оның әртіс болғанына қарсы едік

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Айымның шешесі – Данагүл Темірсұлтанова, әкесі – Азат Сейітметов. «Актерлар отбасында дүниеге келген қыздың жұлдызын жағуға, танымал жұптың атағы ықпал етті» – дейді қазнет қолданушылары. Бірақ, бұл пікірмен арудың ата-анасы келіспейді.

“Көрермен не айтса, соны айта берсін. Түсінікті ғой, әке-шешесі сол салады жүр, көмектескен шығар. Шындығын айтайын, адамнан жасырғаныңды, Құдайдан қалай жасырасың дейді ғой. Біз оның әртіс болғанына мүлде қарсы болдық. Сериалға өтіп кетіпті. Ол кезде олар менің қызым екенін, мен оның қайда барып жатқанын сұраған жоқпын”, – дейді Данагүл Темірсұлтанова.

Айтпақшы, мұндай пікірлер Әлидің де тарапына жиі айтылады. Оқаповтың отандық шоу-бизнестегі өз орнын табуына, анасы Роза Қуанышқызының қолдауы тиген деп жориды жұрт.

“Көп емес болса да, бірақ 6 жыл сахнада жүрмін. Өз тыңдарманым бар. Өзімнің кішкентай болса да атым бар дегендей. Өз жолым бар. Сондықтан, анасының арқасы деп. Әрине анамның арқасы. Өйткені, анамның арқасында мен дүниеге келдім. Және де музыка жолына түстім”, – дейді Әли Оқапов.

Ал, Ашаның танылуына әкесінің әсері мол болыпты. Бірақ, көпшілік «бұл қыздың бағын ашқан, Бағым және Баян Мақсатқызы» – деп топшылайды екен.

“Аша Матай тек Баян Мақсатқызының арқасында ғана Аша болып жүр дегендей. Дегенменен, қазір барлығының көз жеткен болар. Себебі, ол өзімнің еңбегім және ата-анамның еңбегі. Таза!” – дейді Аша.

Бірақ, сынға іліккен бұл жұлдыздар, халықтың түрлі пікіріне түсіністікпен қарауға тырысады. Өйткені, өнер жолының ауыр екені, олар баяғыдан аян.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау