Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дамуына көмектесеміз: Головкин қазақстандық жас спортшыларға қолдау көрсетпекші

Танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Алматыға келді. Боксшымен кездесу үшін жиналған  жанкүйерлер мен журналистер оған сан түрлі сұрақтар дайындады. Соның ішінде – мансапты аяқтау жайлы қауесетке қатысты сауалдар да бар.

Дамуына көмектесеміз: Головкин қазақстандық жас спортшыларға қолдау көрсетпекші

Бұл туралы Астана арнасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Сіздерге жай ғана адами рахмет айтқым келеді. Үнемі жексенбі сайын тұрып, маған қолдау көрсетіп бір бүтін болатындарыңызға шын жүректен алғыс айтқым келеді”,- дейді кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин.

Боксшының алғысын естіген жанкүйерлер қол шапалақтап, жеңімпазға қолдау көрсетті. Геннадий Головкин Алматыға өзінің жаңа жобасы туралы айту үшін келді. Боксшы жас қазақстандықтарды дайындап, оларға қолдау көрсетпекші. Оның үстіне, ол жас спортшыларды өзі таңдайтын болады және кіммен серіктесетінін де өзі шешеді. Оның таңдаған үздік спортшыларында АҚШ-та чемпиондармен бірге жаттығуға мүмкіндік бар.

«Менің ойымша, біз талантты жігіттерді табамыз. Біз олардың дамуына көмектесеміз және бізде бәрі ойдағыдай болады, жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Бізде қазірдің өзінде бастама бар. Ал, жігіттер белгілі бір шыңға жету үшін, ең болмағанда чемпион атану үшін, еңбекқор адам болу керектігін түсінеді», – деді кәсіби боксшы.

Алайда, Головкин Альвареспен өткен соңғы жекпе-жекке қатысты барлық мәліметтерді ашып айтпады. Ол тек қана жаттықтырушысы Санческе қатысты айтылған сынға қарамастан, онымен серістестігін жалғастыратындығын айтты. Геннадий сондай-ақ өз жоспарлары туралы әңгімелеп берді.

«Келесі қарсыласыңыз туралы шешім қабылдадыңыз ба? Олар өте көп, сондықтан біз әлі қарастырамыз, бұл оңай емес. Негізінен, қарсыластар бар. Бірақ, алдағы уақыттағы қарсылас туралы және айқас қашан, қайда болады деген әңгімеде, мен бұл жағдайдан біршама алыстамын. Яғни бәрі болады, бірақ кейінірек. Қазір мен осындамын және сіздерге алғысымды білдіргім келеді. Біздің серіктес болғанымызды хабарлап, жігіттерге біздің осында екенімізді, барлығының мүмкін екенін және оларға көмектесетінімізді, қолдайтынымызды айтқым келеді. Бұл ең басты және бірінші жоспарым », – деді кәсіби боксшы Геннадий Головкин.

Ең бастысы, Головкин өзінің кәсіби мансабын жалғастыратынын айтып, қазақстандық жанкүйерлерін қуантты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау