Даму күнтізбесі: 3 жасар бала не істей алуы керек
Үш жасар бала өздігінен киініп, жуына алады. Ойын кезінде басқа балалармен қарым-қатынас жасап, қарапайым ережелерді ұстана алады. Сондай-ақ, бұл жастағы балалар көп нәрсені білуге құмартып тұрады және тәуелсіз болуға ұмтылады, деп жазады Stan.kz.
Әдетте, бала 3 жасқа қарай үш дөңгелекті велосипедті айдап үйренеді, әткеншек теуіп, шанамен сырғанайды. Өз қатарластарымен ойнап, ойыншықтарымен бөлісе алады. 3 жастағы балалар үшін бір мезгілде екі нәрсені жасау қиындық тудырмайды. 3 жасар бала ересектердің қолдауы арқылы жүзуден қорықпайды.
Ал 3 жастағы балаларға арналған ойындарға: едендегі кедергілерден кезекті қадамдармен аттап өту, көлбеу тақтайды бойлай жүру, едендегі сызықтан секіріп өту, тұрған орнынан екі аяқпен ұзындыққа секіру, аса биік емес биіктен секіру секілді әдістер мен қимылдарды қосуға болады. Үш жастағы бала қуана-қуана жүгіріп, секіреді және допты лақтырып, ұстайды.
3 жасар баланың танымдық дамуы
Заттарды белгілер бойынша айыруы:
- Бала 3 жасында төрт негізгі түсті және кейбір түстердің реңктерін дұрыс атай алады.
- Спектрдің жеті түсін, қара және ақ түстерді біледі. Оларды ересек адамдардың өтініші бойынша, сондай-ақ үлгіге сәйкес таба алады.
- Үш жасар бала кезекпен жинауды біледі. Яғни, кіші заттарды үлкенірек заттардың ішіне сала алады.
- 3 жастағы балаларға арналған ойындар шеңбер, тікбұрыш, үшбұрыш, трапеция, сопақша, шаршы секілді жалпақ геометриялық пішіндерді іріктеуге негізделуі мүмкін.
- Көлемді геометриялық фигуралардың конфигурациясын көрнекі түрде біледі. Олардың кейбіреулерін шар, текше, призма (шатыр), цилиндр (бағана), кірпіш, конус деп атайды.
- Ойын кезінде сипау арқылы анықтап, таныс геометриялық фигураларды немесе басқа да пішіндерді атай алады.
- 3 жастағы бала үлгі немесе суретке сәйкес сегіз-он сақинаны жинап, пирамида құрастырады. Оларды өлшемі, түсі, пішіні бойынша жинайды.
- Үлкен, кішкентай, орташа заттарды тауып, олардың пішінін атай алады.
- Заттың қатты немесе жұмсақ екенін анықтайды.
- Тапсырма кезінде екі бөліктен сурет құрастыра алады.
- Қарапайым суреттердің мозайкасын жинайды.
- Бірлескен ойын кезінде ойыншықтың тұрған жерін есіне сақтап және қайда тұрғанын көрсете алады.
- Ересек адамның хатын имитациялайды.
- 3 жасар бала ересек адамдардың салған суретін толықтырып, жетіспеген бөлшектерін сала алады.
- Дөңгелек, сопақша пішіндерді салып, сызықтар сызып, тік бұрышты нысандарды бейнелеуді біледі. Үлгі бойынша бояп, суретті аяқтайды.
- Өз ойымен сурет сала алады және не салғанын түсіндіреді.
- Саз балшық, пластилинмен жұмыс істеп, түрлі пішіндегі заттар жасап, бөліктерді біріктіре алады.
- Шар, бағана, шұжық, дөңгелек нан секілді қарапайым пішіндерді жасайды.
- Дайын формалардан қарапайым аппликациялар жасай алады.
Ойын әрекеттері (рөлдік ойындарды ойнай бастайды):
- Үш жасар бала ойын ойнауға құмартып тұрады. Ойын кезінде ол басқа балалардың «анасы», «дәрігер» және т.б тұлғалар болып ойнап, солардың рөлін сомдайды.
- Ойында қиялдап, ертегі кейіпкерін ойынға ензіге бастайды.
- Балама заттарды қолдана отырып, басқа балалармен тыныш ойнайды.
- Қимылды ойындардың ережесін орындайды.
- Текшелерден үй, қоршау, машина, көпір және т.б. құрастырады.
- Құрылыс ойындары мен құрастыруларда түрлі көлемді геометриялық пішіндерді қолданып, ойыншық ойнайды.
Эмоционалды және әлеуметтік дамуы
- Ересек адамдардан мақтау, мадақтау, эмоционалды жағымды қолдау күтіп, жақсы болғысы келеді.
- Бастамашыл, тәуелсіз болғысы келеді.
- Егер бірдеңе жасай алған болса, эмоцияналды қанағатты сезінеді. Мақтаса көңілі толады.
- Өзін, ата-анасын мақтау сезімі туады. Мысалы, мен бәрінен де жақсы жүгіремін, менің әкем – бәрінен күшті, менің анам – бәрінен сұлу деген сөздерді айтады.
- Бір нәрсені білуге құмартып тұрады.
- Баланың ұзақ уақытты жады 3 жаста бұрынғы эмоционалдық естеліктерге сүйенеді, ол өткен жылғы естеліктерін есіне алуы мүмкін.
- Эмоционалды ұстамдылық танытады: қоғамдық орындарда шыңғырмайды, ересек адаммен көшеден тыныш өтеді, жаяужолда жүгірмейді, ересек адамның өтінішін тыныш тыңдайды және оны орындайды, ата-анасы қандай да бір нәрсеге рұқсат бермей, дәйекті тыйым салса жылағанын тоқтатады.
- Үлкендер оның өтініші мен қалауын түсінбегенде, сондай-ақ қозғалыс шектелген кезде ашуланып, тыңдамай қояды. Өзінікін орындату үшін табанды талап қоюы мүмкін.
- Ұрысса уайымдайды. Жазаласа ұзақ уақыт ренжіп жүруі мүмкін.
- Өкініш, ұялу сезімін сезінеді. Жаман нәрсе жасағанын түсінеді және ересек адамдар сол қылығы үшін ұрсады деп ойлайды.
- Басқа біреудің дұрыс әрекет жасамағанын түсінеді. Және «олай жасауға болмайды» дегендей эмоционалды түрде теріс баға береді.
- Қызғанып, ренжіп, ойы шатасып, өкпелеп, қулануы және тектектік жасауы мүмкін.
- Эмоционалды қарым-қатынасын іс-қимыл арқылы көрсетеді. Яғни, өз сезімін көзге қараумен, мимикамен, сөйлеу әдебімен, үнмен, ым-ишараттармен, мәнерлі қозғалыстармен, өзін ұстауымен білдіреді.
- Ойын кезінде ойындағы жағдайларды эмоционалды түрде жеткізеді.
- Сөйлеуі эмоционалды-мәнерлі реңктермен толтырылады. Көбінесе имитация арқылы сөйлейді.
- Күлдім, қорқамын, тоңдым деген сөздерді қолданып, өзінің эмоционалды жай-күйін айтады.
- Қараңғыдан қорқып, үрейленуі мүмкін.
- Күліп, әзілді түсіне бастайды.
- Балаларға арналған мультфильмдерді, қойылымдарды көргенде немесе ертегілерді тыңдағанда эмоционалды түрде кейіпкерлер үшін уайымдайды. Кейіпкерлерге бір нәрсе болса қуануы, қайғыруы, уайымдауы мүмкін.
- Музыкаға, әнге, көркем сөздерге эмоционалды түрде елгезек. Ән айтып, ырғақ бойынша билеуі мүмкін. Музыканың өзгергеніне мән береді. Соған қарай әртүрлі қимылдайды.
- Суреттерге қарағанда, таныс және бейтаныс музыкалық немесе көркем шығармаларды көргенде эмоционалды түрде әр түрлі қабылдайды.
- Көңілді музыка мен әндерді, ашық түсті суреттерді жақсы көреді.
- Суретке, жабыстырма жасауға қызығушылық танытады.
- Қимылды ойындардан эмоцияналдық қанағатты сезінеді.
- Әдемі, әдемі емес заттарды эмоционалды түрде әр түрлі қабылдайды. Және айырмашылықтарын айтып, бағалайды.
- Эмоционалды түрде кейбір әрекеттердің нәтижесін алдын ала біледі.
- Бірдеңе жасай алмаса көңілі түседі.
- Қалағанын жасай алса өзінің шебер әрекеттеріне қуанады.
- Жайдары, эмоционалды түрде ашық, адамдарға сенгіш болады. Олардың іс-әрекеттеріне қызығушылық танытады, егер олар бір нәрсе туралы сұраса, жауап береді.
- Мейірімді және қатал адамдарды есіне сақтайды. Эмиоционалды түрде елгезек және ұстамды болады.
- Өзіне бейтаныс адам сөйлеген кезде ұялып, мінездік мимика арқылы ұяңдық көрсетеді.
- Өздінің эмоционалды тәжірибесіне сүйене отырып, өзгелердің жағдайын түсінеді.
- Жағдайды эмоционалды түрде бағалайды: біреу бір жерін ауыртып алса уайымдайды, көмек керек болса көмектеседі, егер біреу ұйықтап жатса, шаршаса өзін тыныш ұстап, жаны ашиды.
- Ересектер мен балалардың көңілсіз жүргенін, бірдеңеге көңілі толмай тұрғанын немесе қуанғанын бірден байқайды.
- Жақын ересек адамдардың мимикасына, дауыстық интонациясына, эмоционалды- мәнерлі қозғалыстарына еліктейді.
- Қатарластарының эмоционалды мінез-құлқын имитациялайды.
- Балаларға жайдары қарайды: ойыншығын тартып алмайды, рұқсатсыз тиіспейді және ойыншықтарымен бөліседі.
- Өзі қатарлы балалармен араласқаннан рахат алады. Олармен бірге ойын ойнағысы келеді.
- Кейбір балаларды ұнатуы мүмкін.
- Таныс емес жануарларға, адамдарға, жаңа жағдайға сақтықпен қарайды.
3 жасар баланың сөйлеу дағдысының дамуы (шамамен 1500 сөз айта алады)
- Қарым-қатынас кезінде күрделі сөйлемдер айтады. Нені қалайтынын, не сезінгенін, алған әсерін жеткізе алады.
- Грамматикалық түрде безендірілген, қарапайым сөйлемдермен сөйлейді.
- Өзінің әрекеттерін көбінесе сөйлеу арқылы жеткізеді. Кейде бағыныңқы сөйлемдерді пайдалана бастайды.
- Сөздерді сандар мен септікке өзгертеді. Қашан? Қайда? Не үшін? сияқты танымдық сипаттағы сұрақтар қояды.
- Үлкендер өзіне таныс емес сөздер айтса, қиындықсыз қайталайды.
- Ертегі үзінділерін, әндерді, өлеңдерді тез үйренеді. Көптеген дыбыстарды дұрыс айтады.
- Жаңа сөздер құрастырып, ырғаққа бейімделе бастайды. Балалармен, ересектермен диалог құрады.
- Сюжетті сурет бойынша үлкендердің сұрағына жауап береді.
- Суретке қарап кейбір жануарлардың, тұрмыстық заттардың, киімнің, ыдыс-аяқтың, құрал-жабдықтардың, өсімдіктердің және т.б. атауын атайды.
- Суретке қатысты өзіне таныс ертегілерді айтады. Өлең, әндерді, ертегінің мазмынын сөзбен, қимылмен, интонациямен жеткізеді. Кітап, оқиға туралы баяндайды.
- Ересек адамдарға қатысты сөйлем құрастырып, дәлел келтіре алады.
- «Атың кім?» деген сұраққа тез жауап береді. Және өзінің тегін біледі.
- «Неше жастасың?» деген де қарапайым сұраққа жауап береді немесе саусағымен көрсетеді.
- Адамдарды жынысы, жасына қарай ажыратып, атай алады.
- Өзінің жынысын, яғни ұл немесе қыз екенін біледі.
- Дене бөліктерін және олардың неге арналғанын біледі.
- Адам мен жануардағы бірдей дене бөліктерінің атын біледі. Мысалы, бәрінде көз, адамда – аяқ, қол, жануарда – тұяқ, құста – қанат болатынын біледі.
- Ойын барысында өзінің қандай да бір кейіпкер екенін айтады. Және ересектер сұраса қандай кейіпкер екенін атай алады.
- Ойын ойнап отырып өзінің әрекеттерін сөзбен жеткізеді.
- Ойын кезінде рөлдік сөздерді қолданады. Өзі және қуыршақ үшін сөйлейді.
- Бөліктер арқылы бүкіл бейнені танып, не екенін атай алады. Мысалы, ұзын тұмсығына қарап оның піл екенін немесе шалбарды көріп бала бейнеленгенін айтады.
- Санның не екенін біледі және «бір, екі, үш, көп, аз» дегенді айтып, көрсете алады.
- Нәтижені болжайды. Осылайша, ойлау қабілеті дамиды. Мақсатқа жету үшін құралдарды қолданады.
- Ұзақ уақыт бойы бақылап, көңілін бір нәрсеге аударып, жинақтайды, жасап отырған нәрсесіне қызығады.
- Оң және сол жағын ажырата бастайды. Кейде шатасып кетуі де мүмкін.
- Заттарды олардың қасиеттері бойынша айқындайды. Мысалы, балықтың жүзетінін, құстың ұшатынын біледі.
- Үшінші жақпен айтуды қойып, өзін «Мен» деп айта бастайды.
- Ересек адамдардың бір-бірімен сөйлескеніне ерекше қызығушылық танытады.
- Аудио кассетадағы немесе ересек адам оқыған, айт ертегіні ұзақ тыңдайды.
Тұрмыстық дағдылары
- Өздігінен және ересек адамдардың аздаған көмегімен киіне алады.
- Өзі шешініп, ұйықтар алдында киімін бүктеп, жинайды.
- Бірнеше түймені түймелей алады.
- Аяқ киімнің бауын байлайды.
- Көптеген заттардың неге арналғанын, олардың қайда тұратынын және мақсатын біледі.
- «Алып кел, апар, қой» секілді екі-үш әрекетті орындайды.
- Қолды сабындап жуып, сүлгімен өзі сүрте алады.
- Киімінің шашылып жатқанын немесе кір екенін байқай алады.
- Бет орамал қолданады.
- Пәтерге кіргенде аяғын сүртеді.
- Физиологиялық қажеттіліктерін реттейді.
- Төкпей-шашпай тамақтанады.
- Қасықты сабынан ұстайды.
- Майлық қолдану керектін біледі.
- Тамақтанып болмай дастарханнан тұрмайды.
- Дастархан басында басқаларына кедергі жасамайды.
- Амандасып, «рахмет» айтып, қоштасады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.