Дәмі тіл үйіретін жұмыртқаны қуырудың 9 әдісі

Сәрсенбі, 4 Мамыр , 2016 18:47

Жұмыртқаның өзі құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендерге толы бұрыннан қолданыста бар зат. Оның пайдалы тұстары мен тағамдық тойымдылығы етпен парапар. Адамдар жұмыртқаны сонау неандерталь немесе  австралопитек кезінен тұтына бастаған.

жұмыртқа5

Адамдар тіпті от жағуды меңгермеген кезде шикі жұмыртқаны жегенді ұнатқан. Заманауи асханаларда  жұмыртқаны дәмі тіл үйіретіндей етіп  пісірудің бірнеше түрі бар.  Қазіргі кезде көптеген елдердің ұлттық мақтанышы саналатын тамақтардың құрамында жұмыртқа бары анық.

Бүгін біз сіздерге жұмыртқаны дәмді етіп әзірлеудің бірнеше нұсқасын ұсынамыз. Олардың қатарында  израильдік шакшукадан норвегиялықтардың омлетке дейін бар.

жұмыртқа6

  1. Шакшука

Шакшука-  памидор шырынымен қуырылған жұмыртқа. Оған дәмін күшейту үшін ащы  бұрыш пен пияз және дәмдеуіштер қосылады. Шакшука тек қурылған жұмыртқа емес, оған сан түрлі қоспалар қосу арқылы мың құбылтуға болатын тамақ. Дегенмен бір заңдылық бар оны үнемі сақтап отыру керек. Ол- жұмыртқаны қуырған кезде қызанақтың шырыны мен бұрыш қосу.

жұмыртқа5

  1. Фриттата

Фриттата- италиялықтардың сыр қосылып жасалатын омлет. Оған тағы көкөністер мен шұжық, ет қосуға болады. Фриттатаны басында отты ыдыстың астынан беретін пешке қуырып, соңында ыдыстың асты мен үстінен қызу келетін пешке салады. Неаполитандық фриттатуға көп жағдайда макарон қосылады. Крестьяндардың дәстүрлі  фриттатасына пияз бен сыр міндетті түрде қосылады. Фриттатаның негізгі тәртібі оның құрамына сулы, шырынды азықтарды қосуға болмайды. Бүгінде итальялықтар фриттатаны екі ұстағышы бар арнайы жасалған табаға пісіреді.

Фриттатаны дайындау үшін пештің қызуын айтарлықтай басу қажет. Табаны майлап әбден араластырылған жұмыртқаны құямыз. Жұмыртқаның асты пісуге жақындаған тұста отты азайтып, ыдыстың қақпағын жабамыз. Осындай күйде немесе табаны  оты ыдыстың асты мен үстінен бірдей келетін пешке салуға болады.

жұмыртқа4

  1. Пашот

Пашот- француздық дәстүрлі тағамдардың бірі. Ол «пашот» әдісімен дайындалады. Онда ыстық суға жұмыртқаны жарып салу керек. Осы әдіс бойынша жұмыртқа жұмсақ әрі сұйық болып піседі. Ең басты ереже жұмыртқаны сол жерде жарамыз. Әрі су қатты қайнамаған болуы керек. Пашот дастарханға тостерден шыққан нанның бетіне қуырылған қызанақ немесе шұжықтың бетіне үгітілген сыр осыдан кейін суда қайнаған жұмыртқаны қойып беріледі.

жұмыртқа3

  1. Орсини

Орсини – ерекше еңбекті талап ететін дәм. Жұмыртқаның сарысы мен аған екіге бөліп аламыз, қауызын тең жартысынан бөлеміз. Жұмыртқаның ағын көпіршітіп араластырып алып, пеште пісіреміз. Қатқан кезде үстіне сарысы мен сары майды саламыз. Орсини- италияндық асханада ең танымалы жеңіл тамақ. Ол тұтынушыға ірімшік пен көкөністер қосылып беріледі.

жұмыртқа2

  1. Кокот

Кокот жұмыртқасы  адам басына бөлініп арнайы ыдыста пісіріледі. Оған ет, шұжық, көкөністер мен саңырауқұлақ қосуға болады. Алдымен ыдысқа қоспалар салынып оның үстіне жұмыртқаны жарып саламыз. Осыдан кейін ыдысты арнайы пешке салып немесе буға пісіреді.

жұмыртқа1

  1. Норвегиялықтарша омлет

Норвегиялықтар тұтынантын омлетке негізіненен тұздалған балық пен пияз араластырыла қурылған жұмыртқа қосылады. Бұл тамақтың танымалдығы соншалық жергілікті халықтың таңғы асы тұздалған балықсыз  болмайды.

жұмыртқа

  1. Тортилья

Тортилья де патата- испандықтардың тұтынатын омлеті. Оған картоп қосылады. Испандықтардың бұл тағамының өзіндік ерекше тарихы бар. Оның өзінің бірнеше нұсқада. Бір аңызда бұл тамақты генерал Томас Сумалакарреги ойлап тапты делінген. Ондағы мақсат қиын жылдары әскерилерге тойымды тамақ ұсыну болыпты.

Тағы бір әңгімеде бұл асты осы генерал бір күн түнеп шыққан үйдің әйелі дайындаған. Келіншектің үйінде жұмыртқа және пияз бен картоп ғана болған. Содан не істерін білместен барлығын араластырып генералға пісіріп берген. Ол осыдан кейін бұл тамақты пісіру тәсілін әскер асханасындағыларға берген деседі.

жұмыртқа7

  1. Huevos rancheros

Huevos rancheros уэвос ранчерос деп аталады. Аудармасында  жұмыртқаны ауылдықтарша қуыру деген мағынаны береді. Бұл асқа ащы қызыл бұрыш, бұршақ, ащы чили шырыны қосылып әзірленеді.

 

жұмыртқа8

  1. Тамагояки

Жапондықтардың омлеті- бұл тағам  күн шығыс елінің мақтанышына айналған ұлттық асы. Онда тауық жұмыртқасын әбден көпіршітіп алып оны  қант, соя соусы, тұз, дәмдеуіштер қосылған сорпамен араластырады. Сұйықтықты табаға екі жағын кезекпен пісіріп алады. Бұл омлеттен көп жағдайда ішіне түрлі қоспалар қосып роллы дайындауға болады.

 

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар