Дәмді тағамның иісін сезген піл туристер мінген көлікті аудара жаздады (фото)

Санкт-Петербург фотографы Шри-Ланкадағы Яла ұлттық саябағында күлкілі және сәл қорқынышты оқиғаны түсіріп алған. Азық іздеген піл демалушылардың көлігін тоқтатып, оларды төңкере жаздаған.

Суреттер: Әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

37 жастағы Сергей Савви әйелімен бірге Яла саябағында демалып жүрген. Жолда ол үлкен пілді көріп, оны суретке түсіріп алған.

Тып-тыныш шөптер мен жапырақ жеп тұрған піл жанынан өткен туристік көліктен  тәтті тағамды байқап қалған. Әуесқой піл көліктің терезесіне тұмсығы мен аузын салып туристер мінген автокөлікті аудара жаздаған. Демалу үшін келген туристер мұндай қорқынышты жағдайға тап боламыз деп ойламан. Көлікте суретке түсіп отырған адамдар қорыққандарынан не істеп отырғандарын ұмытып кеткен. Ал жүргізуші болса көлікті тастап қашпақшы болған.

«Бір жағынан қорқынышты, ал басқаша көзбен қарасақ қызықты болды. Туристерге тап берген піл, онда адам жоқтай көлікті сілкілей кетті»,-дейді Сергей Савви.

Нәтижесінде, туристер пілдің шабуылынан босатылып, бәрі жақсы аяқталды.

«Көліктегілер жағдайының жақсы екенін айтты. Оларға пілмен болған оқиғаның суретін көрсеткенде, күліп жіберді»,-дейді фотограф.

Туристердің көлігін сілкілеген жануар үнді пілі екен. Оның құрлықтағы ең ірі сүтқоректі екені хабарланды. Еркек пілдің биіктігі орта есеппен 2,7 метрге жетеді, ал салмағы 5 тонна болады. Шри-Ланка піліне жойылып кету қаупі төнген. Қазір олардың үш мыңы ғана қалды. Жергілікті заңдарға сәйкес пілді өлтіргендер өлім жазасына кесіледі.

Оқи отырыңыз:

60 жастағы салық қызметкері зейнетке 5 жыл ерте шығу үшін жынысын өзгерткен

Опера әншісі дәрігерлердің қателігінен 19 жасқа дейін өзін еркек санап келген

«Зимняя вишня» сауда орталығының жалға берушісі қамауға алу туралы үкімге шағымданды

Ер адам көлігімен өзінің әйелі мен баласы мінген скутерді қағып, қашып кеткен

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар