Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДАИШ-тың белгілі көшбасшысы 400 содырмен бірге босқын кейпіне еніп Европаға кіріп кеткен

ДАИШ террорлық ұйымы көшбасшыларының бірі, бұрынғы НАТО әскері Лавдрим Мухаджери 400 содырмен бірге Европаға босқын кейпінде еніп кеткен.

93612ba6-1416-40f0-8048-08f66defcad6

Фото: CEN

Бұл туралы Daily Мail хабарлайды.

Қазіргі таңда террористер Косоваға орнығып, мемлекеттік мекемелер мен серб проваслав шіркеулеріне шабуыл жасауға дайындалып жатқан болуы мүмкін. Сондай-ақ, содырлар Албаниядағы футбол матчы кезінде изриалдік футбол командасына да шабуыл жасауы мүмкін.

Қазіргі таңда солар болуы мүмкін деп болжанған терроршылардың ішінен 19 содыр ұсталған.

Әбу Абдулла әл-Косова атымен белгілі Мухаджери Сирияға 2012 жылы келген. Ол ДАИШ қатарындағы косовалық албаниялықтардың көшбасшысы саналады. Оны АҚШ-тың мемлекеттік департаменті 2014 жылы әлемдік террористер қатарына қосқан.

Оқи отырыңыз:

Ерлі-зайыптылар қызының өлімі үшін Apple компаниясын сотқа берді

Италияда ер адам 60 жылға жуық жүргізуші куәлігінсіз көлік айдаған

Ыстамбұлдағы теракт: Мобильді телефон америкалық азаматтың өмірін құтқарып қалды

Ғалым: Мәскеу қазақ жігітінің есімінің құрметіне қойылған

Талқылау