Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДАИШ өз көсемдері әл-Бағдадидің көз жұмғанын хабарлады

“Ислам мемлекеті” террористік ұйымының мүшелері өздерінің басшылары Әбу Бәкір әл-Бағдадидің қаза тапқанын хабарлады.

bagdadi

Бұл туралы ирактық “Сумария ньюз” порталы хабарлаған.

Хабарлаушылар әл-Бағдадидің көз жұмғанын және жақын арада оның ізбасарының сайланатынын айтқан. Бірақ, қандай себеппен қайтыс болғаны айтылмапты.

Әбу Бәкір әл-Бағдади Мосулдағы жұма намазы кезінде 2014 жылы 5 шілдеде алғаш рет видео арқылы үндеу жолдап, бүкіл мұсылмандарды бірігіп жиһадқа шығуға шақырған болатын.

Содан кейін БАҚ оның өлімі туралы бірнеше рет ақпарат жариялағанына қарамастан, оның ешбірі расталмаған болатын.

Бұған дейін РФ қорғаныс министрлігі әл-Бағдадидің 28 мамыр күні Ракка қаласында Ресей күштерінің соққысынан қаза тапқанын жария еткен. Бұл ақпарат та тексеріліп жатыр.

Сарапшылардың айтуынша, терроршылар өз көсемдерінің өлімін жариялау арқылы, халықаралық қауымдастықты алдап соғуға тырысқан болуы да мүмкін.

* Ислам мемлекеті – Қазақстанда және басқа да елдерде тыйым салынған халықаралық террористік топ.

Оқи отырыңыз:

Димаштың атымен ұшақ жарыққа шығады

Ресейде таксист жолаушы ұмытып кеткен бриллиант толы сөмкені қайтарып берді

Анасы 3 жасар қызына ботқа жегізіп өлтіріп алды

10 жыл бойы жоғалып кеткен бала педофилдің құлдығында өмір сүрген

Талқылау