Cөгеміз және қайғырамыз: армян диаспорасының өкілдері Қарағандыдағы жағдайларға қатысты хабарлама жасады (видео)
Қарағанды облысындағы армяндық диаспора қазақ халқынан 1 қаңтар күні орын алған оқиға үшін кешірім сұрады. Олар бірауыздан қылмыскерлер тиесілі жазаны тартуы керек деп отыр. Сонымен қатар, Facebook желісінде армян диаспорасының өкілдері қазақ халқына қиын жылдары қолдау көрсетіп, жақсылық танытқаны үшін алғыс айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Құрметті қарағандылықтар! Біз, Қарағанды облысының армян диаспорасы, 1 қаңтар күні кісінің өліміне алып келген, жастардың арасында орын алған инцидентке қатты өкінеміз. Өкінішке орай, бұл инцидентке армян ұлтының өкілдері қатысты.
Біз өкінеміз, қайтыс болған баланың жанұясына және жақындарынан кешірім сұраймыз.
Біз кінәлілерді сөгеміз, ұлтқа қарамастан қылмыскерлер жазасын тартуы керектігін мәлімдейміз.
Көпұлтты Қазақстан біздің туып өскен үйімізге айналды. Біз күллі қазақ халқына қиын жылдары қолдау көрсетіп, жақсылық танытқаны үшін алғыс айтамыз.
Біздің бауыр ұлттарымыз әрдайым бейбітшілікте және достықта өмір сүретін болады”, — деп жазылған жазбада.
Қарағандыда 200-ден астам адам ІІД-ның алдына жиналды: жиналғандарға әкім шықты.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді