Циркте өнер көрсетіп жатқан гимнаст қыз биіктіктен жерге құлап кетті
Беларусьтегі Гомель циркінде гимнаст қыз жоғарыдан құлап кетті.

9 қабатты ғимараттың биіктігінде акробаттар адам таңқаларлық трюктер орындап жатқан.
Гимнаст қыз қолын қанатша жайып бір акробаттан екіншісіне барған сәтте құлап кетті. Оны гимнаст ұстап үлгерген, бірақ қыз қолынан сырғып кетіп, соншама биіктен сақтандыру торының сыртына құлаған.
Оқыс оқиғаны көргендер әлеуметтік желіде қыздың ауруханаға жеткізілгендігін жазған. Ауруханаға жатқызылған қыздың еш жері сынбаған көрінеді, тек денесін көгертіп алған.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"