Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Цирк қойылымы кезінде арыстан кішкентай қызға тап берді (видео)
Ресейдің Краснодар өңірінде цирк қойылымы кезінде арыстан кішкентай қызға тап берді. Қазіргі уақытта тергеушілер аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы Ресейдің тергеу комитетіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Ресейдің ҚК 238-бабы 2-тармағы бойынша «6 жасқа дейінгі балаларға арналған қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігі талаптарына сай келмеуі) қылмысты іс қозғалды», – дейді тергеу комитетіндегілер.
Ведомствоның алдын ала мәліметіне сәйкес, Успенский аулында жылжымалы цирк қойылым қойған. Қойылым кезінде арыстан қоршаудан секіріп кетіп, алғашқы қатарда отырған қызға тап берді. Салдарынан бүлдіршіннің беті жарақаттанып, басқа да жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Ол аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр.
Астаналық әйел автобус бақылаушысын өзіне қол көтерді деп айыптады
Тұрғын: "Жолаушы жолақы төлеу мәселесіне тап болса, сіздермен дұрыс тілдесе алмайды"
Антибиотик беру, қымтап терлету: Инфекционист ЖРВИ кезінде жиі жіберілетін қауіпті қателіктерді атады
Балаларының қызуы түспеген ата-аналар әлеуметтік желіде алаңдаушылық білдіруде