Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұрат Мұтырғанов ұлты орыс әйелі туралы: Жұбайымның қазақылығы менен басым

Цирк артисі Мұрат Мұтырғанов 2014 жылы орыс ұлтынан қыз алып, Алеся есімді арумен шаңырақ көтерген еді. Бүгінде олар 3 жасар ұлы Майклды тәрбиелеп отыр.

Цирк артисі Мұрат Мұтырғанов екінші баласына Чарли Чаплиннің есімін бергісі келетінін айтты

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz жазады.

Мұтырғановтың сөзінше, әйелі орыс ұлтынан болғанымен, қазақылығы басым көрінеді.

«Мен – қазақпын. Ал әйелім Алеся – орыс ұлтынан. Алайда оның қазақылығы менен басым сияқты. Ол салт-дәстүрді біледі, қазақ тілін де менен жақсы меңгерген. Сонымен қатар етті дәмді етіп әзірлейді», – дейді Мұрат Мұтырғанов.

Артистің сөзінше, ол ұлының есімін әйгілі әнші Майкл Джексонның құрметіне қойған.

«Ұлым 3 жаста. Оның есімін Майкл Джексонның құрметіне қойдым. Мен оның фанатымын. Ұлымның әкем салып берген жолдан таймағанын, циркті жақсы көріп, артист болғанын қалаймын», – дейді ол.

Өз сөзінде Мұтырғанов екінші перзенті дүниеге келгенде, оған да танымал тұлғаның есімін бергісі келетінін жасырмады.

«Екінші балам ұл болса, есімін Чарли Чаплиннің құрметіне қойғым келеді», – дейді Мұрат Мұтырғанов.

Сондай-ақ, Мұтырғанов балалармен көп уақыт өткізуге кеңес берді.

«Әр ата-ананың өз мақсаты бар. Бірі баласының музыкант болғанын, бірі дәрігер болғанын қалады. Ғаламшардағы барлық бала – дарынды. Бастысы – оған қысым жасамай, дарынын анықтап, байқай алу. Баламен көп уақыт өткізіп, сөйлесу керек», – дейді артист.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау