Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Чукотка» барындағы төбелеске қатысы бар күдікті қайтадан колонияға жабылды

Талдықорған қаласында «Чукотка» барында болған қанды төбелеске қатысты сот отырысы өтті. Түнгі клубтың маңында орын алған төбелесте Александр Кузнецов абайсызда Сырым Мұратқалиевті өлтіріп қойып, түрмеге жабылған болатын. Кейіннен ол айыппұл төлеп бостандыққа шыққанда, марқұмның ағасы Дәулет Мұратқалиев Кузнецовты бостандыққа шығару туралы сот үкіміне шағым түсірді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Чукотка» барындағы төбелеске қатысы бар күдікті қайтадан колонияға жабылды

Қапшағай қалалық сотының шешіміне шағым түсірген Сырым Мұратқалиевтің шағымы Алматы облыстық сотында қаралды. Жәбірленуші тараптың арызын қарап шыққан Алматы облыстық соты Дәулет Мұратқалиевтың шағымын қабылдап, Кузнецовты қайта колонияға жабу туралы үкім шығарды.

Жазасының өтелмеген бөлігі айыппұлмен алмастырылып, жақында ғана бостандыққа шыққан Александр Кузнецов енді қалған мерзімін колонияда өтейтін болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін  Алматыда «Чукотка» барының маңындағы төбелес үшін сотталған азаматтың жақында ғана бостандыққа шыққанын хабарлаған болатынбыз. Алайда, оның жазадан оңай сытылып кеткенін естінен марқұмның туыстары сот шешімне шағымданып, Кузнецовты қайта қамауға алуды етті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау