Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Чукотка» барында көз жұмған жігіттің туыстары сот шешіміне шағымданбақшы

«Чукотка» барында көз жұмған Сырым Мұратқалиеваның туыстары Қапшағай қалалық сотының шешіміне шағымдануға ниетті. Олар Кузнецовқа қатысты шығарылған үкіммен келіспей отыр. Естеріңізде болса, кеше «Чукотка» барының маңындағы төбелес үшін сотталған жігіт бостандыққа шықты. Сот оның жазасының өтелмеген бөлігін айыппұлмен алмастырды.

«Чукотка» барында көз жұмған жігіттің туыстары сот шешіміне шағымданбақшы

Бұл туралы 31 арна-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сырымның ағасы Дәулет Мұратқалиев Қапшағай соты Кузнецовтың жазасының өтелмеген бөлігін айыппұлмен алмастырып, олардың пікірін сұрамады деп, шағымдануда. Ал, сол күнгі төбеелесте көз жұмған Сырымның артында екі қызы қалған екен. Олар қазір асыраушысынан айырылғандарға төлейтін 12 мың теңгемен күн көріп отыр.

«Ол тіпті ата-анамнан да кешірім сұраған жоқ. Бұл адами қасиет емес. Біздің үстімізден аттап өтіп, бәріне қол сілтеп кетті. Бауырым екі рет үйленген болатын, қазір оның артында екі қызы қалды», -дейді Дәулет Мұратқалиев .

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау