Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасының екінші жартылай финалистері анықталды

Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан екінші командалар белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Чемпиондар лигасының ширек финалы аясындағы “Бавария” мен “Арсенал” және “Реал Мадрид” пен "Манчестер Сити" қарымта матч аяқталып, жартылай финалға жолдама алған командалар анықталды. Екі команда арасында да алғашқы ойын тең нәтижемен аяқталған еді. “Бавария” өз алаңында лондондық  “Арсеналға” бір ғана гол соғып, жартылай финалға шықты. Ойынның 63-минутында Йозуа Киммих жеңіс голын салып, командасын алға шығарды. “Арсенал” қанша тырысқанмен есепті теңестіре алмады.

Ал “Реал Мадрид” пен "Манчестер Сити" ойынның тағдыры пенальти сериясы арқылы шешілді. Негізгі таймда бір-бір голдан соққан командалар қосымша уақытта да сол есепті ұстап, матчты пенальтиге дейін жеткізді. Әуелі есепті 12-минутта  “Реал Мадрид” командасының ойыншысы Родриго ашты. Дегенмен 76-минутта Кевин де Брюне есепті теңестірген еді. Жалпы есеп 4:4 болғандықтан жеңімпазды пенальти сериясы арқылы анықтап, 4:3 есебімен “Реал Мадрид” жеңіске жетті. Осылайша аты аңызға айналған мадридтік "Реал” соңғы Чемпиондар лигасының чемпионын жарыс жолынан шығарып жіберді.

Айта кетейік, енді жартылай финалда “Реал Мадрид” пен “Бавария” өзара мықтыны анықтайды.   

Талқылау