Асфендияров атындағы медицина университетінің ректоры сотталды

Сәрсенбі, 25 Қараша , 2015 7:27

C.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Айқан Ақанов істі болды. Оған мемлекет қаржысын қымқырды деген айып тағылды.-деп хабарлайды Қазақпарат.

ректор

Іс материалдарына сәйкес, 2012 жылдың тамызында ҚазҰМУ мен «Фламинго-9» ЖШС арасында жатақхана құрылысы туралы келісімге қол қойылған. 512 орынға арналған жаңа нысан Құрманғазы көшесінің бойында салынуы тиіс болатын.

Құрылыс кезінде ЖШС үш лифт пен технологиялық құралды тапсырмай тұрып, ғимаратты қабылдау актісін өткізген. Онда 48 997 054 теңге шығын кеткені жазылған. Экс-ректор аталған құжатқа қол қойған. Осылайша, бұл сома ЖШС-ның шотына негізсіз аударылады.

Кейін белгілі болғандай, ақша өз мақсатында жұмсалмай, банктегі несиені жабуға, ЖШС жұмысшыларына жалақы ретінде бөлініп берілген. 2013 жылдың жобалық-сметалық құжаттамасының өзгеруіне байланысты жатақхана құрылысы тоқтатылады.

Сот барысында Айқан Ақанов өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғанын мойындағанымен, ақша ұрлау айыбымен келіспей қойды.

Сот процесіне қатысқан университет өкілдері Ақановқа ешқандай кінә артпайтындықтарын айтып, оны бас бостандығынан айырмауды өтінді.

Судья Ақановты ҚР ҚК 307-бабының 2-бөлімімен айыпты деп тауып, 2000 АЕК (3 964 000 теңге) көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ Айқан Ақанов 7 жыл бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айрылды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар