"Бұрын сондай сүйкімді еді": Жас қыз қуыршаққа ұқсау үшін бір жылда 15 ота жасатқан
Болгарияда 21 жастағы студент Андреа Иванова Барби қуыршағына ұқсау үшін бір жылда 15 ота жасатқан.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Андреа пластикалық отаны өткен жылы жасата бастаған. Кемінде айына бер рет оа жасатыпты. Жас қызға ерні кішірейіп бара жатқандай көрінген сайын дәрігерлер оған гиалурон қышқылын енгізген екен. Сонымен қатар ол кеудесін үлкейту бойынша ота жасатқан.
Студент қыздың сөзінше, ол кішкентай кезінен бері Барби қуыршағы сияқты болуды армандапты. Алайда желі қолданушылары қыздың құбыжыққа ұқсайтынын жазуда.
«Мұндай құбыжықтарды жасайтын дәрігерлер түрмеге жабылуы тиіс», «Сен бұрын сондай сүйкімді қыз едің. Басыңда не барын сұрауға ыңғайсызданып отырмын. Ми жоқ па? Үрленген қуыршаққа ұқсайсың», - дейді пікір қалдырушылар.
Андреаның өзі сырт келбетіне риза. Ол адамдар өзі қалағандай көрінуге құқылы деп біледі.