Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балықшы теңізге түсіріп алған телефонын 2 күннен кейін аулап алды

Австралиялық балықшылар теңізге 2 күн бұрын түсіріп алған телефонын тауып алды. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Балықшы қайықта отырған кезінде телефонын түсіріп алған. Ол телефон жадына сақталған суреттерін жоғалтып алғысы келмегендіктін, құтқарушыларды көмекке шақырды. Бірақ, достары жоғалған заттың терең судан табылмайтынына сенімді болады.

2 күннен кейін тағы да балық аулауға шығады. Олар тура телефон жоғалған жерге барады. Балықшы қармақ жібін айналдырған сәтте бір заттың қармақ ұшына тигенін байқаған.

“Мен балдырлар шығар деп ойладым. Қармақты су беріне шығарғанда өз көзіме өзім сенбедім. Қармақ ұшында менің телефоным ілініп тұр”,  -дейді балықшы.

2 күн су астында жатқаннан кейін телефонға зақым келген. Дегенмен оның жадысы орнында. Ондағы фотосуреттерді шығарып алуға болады.

Тағы оқыңыз:

Балалар үйі басшылығы 14 жылдан кейін ата-анасына оралған қыздың тағдыры туралы айтып берді

Тағдырын өзгерткен кездесу: Қайыршы бала өлім аузындағы науқас әйелді қалай құтқарды (фото)

Ұрланған балалық: Әуе шарын сататын жеті жасар баланың тағдыры (фото, видео)

Талқылау