Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы аула сыпырушы жігіт пен фотограф қыз инстаграм арқылы миллиондап табыс тауып жүр (фото)

26 жастағы Джек Манчестердегі мектепті бітіргеннен кейін бес жыл аула сыпырушы болып жұмыс істеген. Ал австриялық 23 жастағы Лорен болса өздігінен үйренген фотограф.

654

Олар екеуі бірігіп керемет жұп болып жүр. Бүкіл әлемді шарлап саяхат жасап, инстаграмдағы жазбалары арқылы 9 мың долларға дейін табыс табады.

🐳✨🙌🏼 Ticked off Swimming with Whale Sharks✔️

Публикация от LAUREN BULLEN (@gypsea_lust)

Джектің айтуынша, ол 2012 жылдан бастап белсенді түрде саяхаттай бастаған. Оның тұрақты үйі болмай, үнемі елден елге көшіп жүреді. 2016 жылы Фиджиде ол Лоренмен танысқан. 

Best seat for sunset 👅🌇 #thisonesforyoudad

Публикация от LAUREN BULLEN (@gypsea_lust)

Сол уақыттан бері олар Балиде тұрады және жер шарының барлық нүктесіне саяхат жасайды.

You are my ☼ my ☾ & all my ✧’s

Публикация от LAUREN BULLEN (@gypsea_lust)

Қазір Джектің инстаграм парақшасында 2, ал Лоренде 1,2 миллион жазылушы бар. 

“Көп нәрсені жоспарламаңыз. Егер сіз саяхат жасағыңыз келсе, онда рюкзакты асынып шығып кету керек. Тек барар билетіңіз, алғашқы түні қонатын бөлмені брондаңыз. Барынша адамдармен көп араласуға тырысу керек. “Иә” деген сөзді жиі айтыңыз”, – дейді олар.

Олар қазір жарнамадан көл-көсір пайда тауып жатыр. 

Түрлі брендтер олардың парақшасында сурет жариялану үшін қанша болса да төлеуге дайын.

Және олардың белгілеген бағасы бойынша тек 3 мың доллардан жоғары төленетін жарнамалар ғана жария етіледі.

Талқылау