Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұл ұят нәрсе: «Өнер қырандарының» актері отандық танымал шоудың ұйымдастырушыларына ренішін жеткізді

«Өнер қырандары» театрының актері Жанболат Найзабеков отандық «I’m a Singer Kazakhstan» шоуының ұйымдастырушыларына ренішін жеткізді, деп жазады Stan.kz.

Жанболат Найзабеков

Жанболат Найзабековтың сөзінше, оны бағдарламаның жүргізушісі ретінде шақырған. Салдарынан актер жоспарланған тапсырыстарынан бас тартуға мәжбүр болыпты. Алайда…

«Жүргізушісі сіз боласыз», – деп, маған бір ауыз қоңырау шалып, фотосессияға шақырып, жоспарланған тапсырыстарымнан бас тартқызып, бір ауыз xабарласпай, айтпай, түсірілім жұмыстарын бастап кеткендеріңіз қызық болды. Бұл әлде менсінбеушілік болды ма?», – деп жазды актер Instagram-парақшасында.

Өз сөзінде ол өзін жүргізушіліктен алып тастаған ұйымдастырушылардың бір ауыз ескертпегеніне ренжіді.

Әжептеуір үлкен жауапкершілігі бар жоба емес пе еді деп ойлап қоямын. Мен сіздердің бағдарламаңызға зәру емеспін ғой, сол арқылы бір қатты танымал да болмай-ақ қойдым. Аллаға шүкір, танитын xалқым танып жатыр. Тек бір ауыз қоңырау шалып: «Ренжімеңіз, басқа жүргізушілер таңдадық», – деп айтуға жағдайларыңыз жетпеді ме? Бұл ұят нәрсе!» – дейді Найзабеков.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау