Бұл бастамасы: Маржан Арапбаеваның жаңа образы жанкүйерлерін шошытты
I am a Singer жобасына қатыса алмай қалған Маржан Арапбаева бүгінде шығармашылығын шыңдауға белсене кіріскен. Әнші Мәскеу қаласында жаңа бейнебаян түсіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Арапбаева аталған бейнебаян үшін түрлі образбен тәжірибе жасап көруде. Солардың бірін Маржан Instagram-дағы парақшасында көрсетті.
“Мәскеуден сәлем, достар! Жаңа әніме жаңа бейнебаян түсірілуде. Менің образдарым әртүрлі болайын деп тұр, ал мынау бастамасы”, – деп бөлісті ол.
Бұл орайда “қуыршаққа” ұқсап қалған Арапбаеваны жанкүйерлері танымай қалған.
“Сөз жоқ, қорқынышты”, “Құдай сақтасын, қандай болсаң да, Алланың берген түр-әлпетіне жетпейді ғой”, – деп таңданды оқырмандар.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған