Өзін сәби кезінде құтқарып қалған медбикені іздеген әйел оны 38 жылдан соң тапты (фото)

Жұма, 14 Қазан , 2016 12:27

Аманда Скарпинати сәби кезінде үйінде қатты күйіп қалып, АҚШ-тағы Олбани медициналық орталығына түскен. Емдеу-сауықтыру кезінде оған жас медбике қараған. Олардың бірге түскен суреттері аурухананың 1977 жылға арналған жылдық есебі кезінде де жарияланады.

18018065-12-0-1476352979-1476352996-650-f58405bf88-1-1476359008

Фото: © Amanda Scarpinati

Аманда болса сол әйелге өзінің алғысын айту үшін, оны өмір бойы іздеген. Бұл суреттер өмірінің қиын сәттерінде қызға күш берген: “Мен осы бір бейтаныс медбикемен түскен суреттерден өзіме жұбаныш табатынмын. Оған қарап мен қамқорлық пен махаббатты сезіндім”, – дейді ол.

Аманда ол әйелді ұзақ жылдар бойы іздесе де таба алмайды. Оның есімі әлгі жылдық есепте де жазылмаған екен. Кезекті талпынысы кезінде ол әлеуметтік желінің көмегіне сүйенеді. Ол суреттер мен оқиғаның тарихын жазып, желіге салған. Жауап та көп күттірмеді. Кезіндегі жас медбике Сьюзан Бергер екен.

18018365-13-0-1476352534-1476352550-650-f58405bf88-1-1476359008

Сью бұл қызды таныған: “Ол өте сабырлы еді. Әдетте балалар операциядан соң үздіксіз жылайтын. Бірақ, ол ондай болмады, өте тыныш болды”, – дейді медбике.

Екі апта өткен соң екеуі сол бір медициналық орталықта 38 жылдан соң кездеседі.

18018265-12348003_958923660842305_8231493690622045688_n-1476334940-650-0ae8b200cd-1476359008

Суреттегі кез Сьзанның небәрі 21 жастағы кезі екен. Ал қолындағы сәби оның ең алғашқы емделушілерінің бірі. Ол өзінің дәрігерлік қызметін адал парызы, міндеті ретінде атқарғандықтан мұндай жылышырай кездесу болады деп күтпеген болатын.

18018415-14-0-1476352811-1476352820-650-8522140e0d-1-1476359008

Жіберіп алмаңыз:

Мектеп басшысы Құран сүресін жатқа айтқан 5 жасар қызды мектепке бірден қабылдаған

Неміс дәрігері Пайғамбар хадисі бойынша шашын алдырған сәбиді тексеріп қатты таң қалған

Есінеу шарттары: Дінде есінеудің шайтаннан болатыны айтылған

Жолымды қалай ашам деушілерге діндарлар жауап берді

Ислам діні адам сыртынан сөз айтуға рұқсат беретін 5 жағдай

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар