Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұдан былай жұмыспен қамту орталықтарында жалақы жұмысқа орналасқан адам санына қарай төленеді

Бұдан былай жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлеріне жалақы жұмысқа орналасқан адам санына қарай төленеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыспен қамту орталықтарының жұмысына өзгертулер енгізбек.

Бұдан былай жұмыспен қамту орталықтарында жалақы жұмысқа орналасқан адам санына қарай төленеді

Сурет: Объектив.kz

Бұл туралы вице-министр Нұржан Әлтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Әлтаевтың сөзінше,  министрлік жыл басынан бері жұмыспен қамту орталықтарының жұмысына өзгерістер енгізу жөнінде жұмыс жүргізіп жатыр. Өз сөзінде ол елдегі жұмыспен қамту мәселесін тек мемлекеттің ақшасымен шешпеу керектігін айтты.

«Тек мемлекеттің ақшасымен бұл проблеманы шешуге тырыспау керек. Әлемнің дамыған елдері жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерін, жекеменшік еңбек биржаларын пайдаланады. Яғни жұмыспен қамту мәселелеріне жеке секторды көбірек тартқысы келеді. Біз де биыл осы жолмен жүруге бел будық. Жуырда ғана президент жұмыспен қамту мәселелері туралы заңға қол қойды. Онда біз мынадай жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлерін еңбекақы төлеу тәртібін өзгерттік», – дейді вице-министр.

Сонымен қатар вице-министр бұдан былай жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлеріне жалақы жұмысқа орналасқан адам санына қарай төленетінін айтты. Мәселен, бес адамды жұмысқа орналастырса, сол бес адам үшін қосымша ақша алады, дейді Әлтаев.

«Белгіленген жалақы кезінде жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері біреуді жұмысқа орналастыруға аса қатты мүдделі болмайтын. Қанша адамға жұмыс тауып берсе де, сол ай сайынғы жалақыны алады. Биыл біз мұны өзгертіп отырмыз. Енді жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерінің еңбекақысы мен сол орталықтың бюджеті жұмысқа орналастырған адам санына тікелей тәуелді болады. Мәселен, бес адамды жұмысқа орналастырса, сол бес адам үшін қосымша ақша алады. Жұмыспен қамту орталықтарын осылай реформалап жатырмыз», – дейді Нұржан Әлтаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау