Британиялық трансгендер өз еліндегі ең алғашқы екіқабат еркек атанды

Сәрсенбі, 11 Қаңтар , 2017 12:44

Жынысын әйелден еркекке ауыстырған британиялық Хайден Кросс өзінің жүкті екені туралы хабарлады.

Бұл туралы Metro жазды.

Глостер қаласының 20 жастағы тұрғыны физиологиялық тұрғыдан әйел болып қалғандықтан, бала көтеруге мүмкіндік алған. Қазір ол жүктіліктің төртінші айында. Ол ұрық доноры арқылы жүкті болғандықтан, жалғыз әке де, ана да өзі болмақ. Кросс донорды Фейсбук желісі арқылы тапқан.

nintchdbpict000293272649

Ол жынысын ауыстыру туралы шешімді 17 жасында қабылдаған. 3 жыл бойы гармондық препараттар қабылдап, төлқұжат жасап, барлығын заңдастырған. Алайда Кросс кейін бала туғысы келгендіктен, жыныс ауыстыру мәселесін біраз тежейді.

“Жүктілік – бұл әйелге тән әрекет. Мен ертерек бала туып алып, сосын барып жыныс ауыстыру процесін аяқтағым келеді”, – дейді ол.

Кросстың айтуынша, ол босанғаннан кейін жынысын ауыстыру шаруасын аяқтайды. Сондай-ақ, баласынан бұрын әйел болғанын да жасырмайтынын айтады.

Оқи отырыңыз:

Отбасында қаншасыншы бала екендігіңіздің мінезіңізге әсері қандай

Шашылып жатқан бөлмеде селфи жасаған бойжеткен елдің сынына қалды (фото)

Күйеуінің көңілдесі барын білген әйел 45 кг салмақ жоғалтқан (фото)

Түркияда маңдайында жүрекше қалы бар сәби дүниеге келді (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар