Британиялық қыз той алдында 72 келіге дейін арықтап, хас сұлуға айналып шыға келді (фото)
Топ-толық британиялық қыз аз уақыттың ішінде 72 келіге дейін арықтап, хас сұлуға айналды. Өз суреттерін әлеуметтік желіге жариялап отыратын, “Тонна тәтей” деген лақап атқа ие қыз, артық салмаққа кішкентай кезінен ие болған.
Қыз үнемі нағыз ханзадамен жолыққысы келіпті. Бірақ, сыныптастары оны үнемі толықсың деп кекетіп, менсінбеген.
“Мен ол кезде фаст-фуд тағамдарын жақсы көретінмін. Мен күн сайын 2-3 гамбургер жеп отырдым. Ал Макдоналдстың картофелдерін күнінен үш реттен көп жейтінмін”, – дейді Мишель.
Алайда 26 жастағы толық қыз ақыры өз арманындағы жігітті кезіктіріп оған ғашық болады. Осыдан соң қыздың өмірі өзгеріп сала берді. Ол зиянды тамақтарды жеуді тоқтатып, спортпен айналысады. Нәтижесінде жас қыз 72 келі тастаған.
Осыдан кейін ол өзінің махаббатымен түскен суретін жариялап, көпшілікті таңқалдырды.
Оның іш киіммен түскен суреті де желі қолданушыларын таң-тамаша еткен.
Талқылау