Британиялық әуе компаниясы 11 жасар қытайлық баланы ұшақтан түсіріп тастады

Сәрсенбі, 26 Шілде , 2017 13:03

Британиялық әуе компаниясының қызметкерлері қасында ересек адам жоқ 11 жасар қытайлық баланы ұшақтан түсіріп тастады.

6363

Бұл туралы Jrj.com.cn хабарлайды.

Оқиға Шанхай әуежайында болған. Лю есімді бала Қытайдан Лондонға ұшып бармақшы болыпты. Бірақ, жазғы лагерге бет алған баланы қызметкерлер борттан шығуға мәжбүр еткен. Дегенмен сол мезетте бортта одан басқа да 11 бала ересек адамның қатысуынсыз орналасқан екен. Тек Лю соңғы болып мінгендіктен қызметкерлер соған ғана шүйліккен.

Баланы дереу әуежай ғимаратына алып келеді. Ал баланың анасы болса оқиғаға байланысты наразылық білдірген. Әйелдің сөзінше, балаға болған оқиға психологиялық тұрғыдан ауыр тиген.

Кейін әуе компаниясы бала мен оның отбасынан кешірім сұрап, оған Лондонға дейін тасымалдайтын тегін билет ұсынған.

Оқи отырыңыз:

Үстіне қазақтың шапанын киген Николас Кейдж интернетте жаппай әзіл суретке арқау болды (фото)

2025 жылы біздің асүйіміз қандай болады (фото)

Өзге баланың екі қолы салынған балақай бейсбол ойнауды үйреніп жүр (фото)

Қытай жігіт өз қолымен суперкар құрастырып шықты (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар