Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британдықтар алматылық мүсінші жасаған «Битлз» ескерткішін ұрлап алды

Британдықтар Көктөбе саябағындағы «Битлз» мүсінінің эскизін ұрлап алды. «Ливерпулда» алматылық қола квартеттің көшірмесі пайда болды. Бірақ, «Битлз» мүсінінің көшірмесін жасағандар ескерткіш авторларынан рұқсат сұрамай, жобаны ұрлап алған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасы сілтеме жасап.

Британдықтар алматылық мүсінші жасаған «Битлз» ескерткішін рұқсатсыз ұрлап алды

Ливерпулдағы Beatles ескерткіші шынымен де Көк-Төбе саябағында орналасқан алматылық мүсініші жасаған мүсінге қатты ұқсайды. Ал британдықтар қоладан жасалған музыканттардың бейнесі мен позаларын дәлме-дәл көшіріп алған. Ол ескерткіш тек музыканттар отырған орындықпен және ара-қашықтықпен ғана ерекшеленеді. Танымал ескерткіштің көшірмесі Мэттью көшесінің орталығына орнатылған. Себебі, бұл көше толығымен ливерпульдық квартетке арналған.

Ал Мэттью көшесіндегі пабтардың бірінің қожайыны клиенттерді тарту үшін осындай ескерткіш орнатуды жөн көріпті. Бірақ, ол мүсіннің көшірмесін жасатуда ескерткіш авторы Эдвард Казарянның рұқсатын алмаған. Бұны естіген алматылық мүсінші көшірме жасағандарға ренжулі және авторлық құқыққа қатысты өз пікірімен де бөлісті.

«Бұл жерде жағымды ештеңе көріп тұрған жоқпын. Бұл плагиат. Біз ескерткішті жасау барысында Йоко Оно мен Пол Маккартни және Ринго Старрдан, сондай-ақ Apple студиясы мен және Ливерпуль әкімімен де тікелей байланысып, рұқсаттарын алғанбыз. Меніңше, қазақстандық тарап бұл мәселеге өте байсалды қарады»,- дейді еркерткіш автры Эдуард Казарян.

«Битлз» тобына арналған ескерткіш осыдан 11 жыл бұрын Көктөбе саябағында орнатылған болатын. Бірақ оны құру идеясы 2000 жылдардың басында пайда болды. Кейін қайырымдылық қоры грант бөліп, мүсіншілер мен сәулетшілер арасында конкурс өткізді. Сонда сараптама комиссиясы Эдвард Казарянның жобасын ұнатқан еді.

Сыншылар Алматылық мүсінші ескерткішті белгілі бір стереотипке сәйкес құрастырды деген шешім қабылдады. Және британдықтарды көшірме жасады деп айыптау да негізсіз. Бірақ Казарян өз эскизінің ерекше болғанына сендіруде. Ал ескерткіш авторы мүсіннің көшірмесін жасағандардан түсініп талап етіп, мәселенің басын ашып алуға ниетті. Енді олар адвокаттармен кеңесіп, міндетті түрде британдықтардан түсініктеме талап етпекші.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау