Дәрігерлер: порнографиялық фильмдер белсіздікке душар етеді

Дүйсенбі, 15 Тамыз , 2016 16:40

Британиялық психосексуалды терапия маманы Анджела Грегоридің айтуынша, порнографиялық фильмдер көріп, сексуалды проблемаға тап болатын жастардың қатары көбейген.

cyber-sex

Грегоридің мәліметіне сүйенсек, 20 жас шамасындағы еркектердің қозулық әрекетсіздікке душар болуы жыл өткен сайын көбеюде. Дәрігердің пайымынша, оған бірден-бір себеп – ғаламторда кең етек жайған порнографиялық фильмдер.

«Соңғы 16, оның ішінде әсіресе соңғы 5 жылда біздің орталыққа жүгінетін жас жігіттердің саны артқан. Бұрындары біздің емханаға әлдеқайда егде жастағы еркектер жүгінетін. Олар көбінесе диабетпен, ұмытшақтықпен немесе жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан болатын», – дейді Грегори.

Енді денсаулығында кінәраты жоқ жас жігіттер де сексуалдық әрекетсіздікке тап болуда.

«Дәл осы себепті де порнография және өзін-өзі қанағаттандыру мәселесі мені қатты толғандырады. Себебі эрекция кезінде қиындық туғызатын да осылар», – деп түсіндірді дәрігер.

2014 жылы АҚШ-та жүргізілген зерттеуге сәйкес, 18-29 жас аралығындағы жастардың жартысына жуығы порнографиямен 13-жасқа дейін танысқан. Ал 2008 жылы бұл көрсеткіш небәрі 13%-ды құраған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Риолық жезөкше секс бойынша олимпиада алтынын алуды жоспарлап отыр (фото)

Ғалымдар: 1990 жылдары туған адамдар секспен сирек айналысады

Бахрейнде сексуалдық құлдыққа түскен Қазақстан азаматшалары босатылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар