Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бразилиялық танымал хореограф: Қазақстандық балет бишілері әлемдегі ең үздік әртістер атана алады (видео)

27-28 сәуірде Алматы қаласы Абай атындағы опера және балет театрында көрерменнің назарына шоқтығы биік "Шопениана", "Бах шығармашылығын тану", "Болеро" балеттері ұсынылады. Бұл қойылымдардың өзгелерден ерекшілігін білу үшін, Stan.kz ұсынған мақаламен танысып шығыңыз.

Бразилияқ танымал хореограф: Қазақстандық балет бишілері әлемдегі ең үздік әртістер атана аладыЗаманауи би элементтерінің классикалық музыкамен үйлесіп, ең танымал қойылымдарға жаңа дем беруі мәдениет пен өнердің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді.

Бүгінгі күннен бастап көрерменге жол тартатын "Шопениана", "Бах шығармашылығын тану", "Болеро" балеттері — Абай атындағы опера және балет театры ұжымының шетелдік үздік хореографтар Дэвид Джонатан және Рикардо Амарантемен бірігіп істеген ортақ еңбектерінің жемісі. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарған театр өнерінің адамдары алматылықтардың ыстық ықыласына бөленуді көздеп отыр.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр директоры Ая Қалиеваның сөзінше, шетелдік қоюшы-хореографтар балет әртістерінің әрқайсысымен тыңғылықты жұмыс істеген. Әр балет бишісіне жеке би қойып берген. Интеллектуалды қойылымды құрайтын бір актілі үш балет көреремендерді құрылымы жағынан алуан болып келетін сахналық эффектілермен таңғалдырады. 

Бразилияқ танымал хореограф: Қазақстандық балет бишілері әлемдегі ең үздік әртістер атана алады

Суретте: Ая Қалиева және Гүлжан Түткібаева

"Бір актілі үш балетті бір көргеннен-ақ түсініп кетуге болады деп ойламаймын. Себебі, олар қайта-қайта көре отырып, түсінуге арналған. Қойылымды тамашалауға келген сайын, жаңа нәрсені ашасыз, көзқарасыңыз өзгеріп отырады. Үшеуі арасында байланыс жоқ балеттер болса да, әрқайсысында құпия көп. Өмірді тануыңызға қарай сол құпияларды шешесіз”,— деді театр директоры.

Ең алғаш рет “Шопениананы” Абай атындағы ҚМАОБТ сахнасында 1962 жылы Заурбек Райбаев қойған. “Шопениана” — балет хореографиясына келе бермейтін әнге, атақты сазгер Ф.Шопеннің фортепианолық туындыларына негізделген дара туынды. “Шопениананың” балет стиліндегі әуе-билерінен тұратын хореографиясы театр сүйер қауымды әркез тамсандырған. Бүгінгі күні Михаил Фокиннің қойылымымен жаңарған балетке ҚР Халық әртісі, бас балетмейстер Гүлжан Түткібаева жетекшілік етеді. 

Бразилияқ танымал хореограф: Қазақстандық балет бишілері әлемдегі ең үздік әртістер атана аладыБразилияқ танымал хореограф: Қазақстандық балет бишілері әлемдегі ең үздік әртістер атана алады

“Шопен вальстері — сазгердің лирикалық күнделігі. Сол образды би кезінде қағып алу оңайға соққан жоқ. Көрермен сахнада шарықтап жүрген тәнсіз сильфидтерді ұғынуы керек деді”, — Ая Қалиева.

“Шопенианадан” кейін көрсетілетін бір актілі "Бах шығармашылығын тану" балеті классикалық негіздерді "бұзу" мақсатында балетмейстер Дэвид Джонатанның бастамасымен қойылған. Балеттің негізіне Себастьян Бахтың композициялары алынған. Дэвид Джонатанның сөзінше, бидің ерекше хорегорафиялық тілі классика жайында қатып қалған көзқарастардың өзгеруіне, бұзылуына себепші болады. 

 Бразилияқ танымал хореограф: Қазақстандық балет бишілері әлемдегі ең үздік әртістер атана аладыСуретте: Дэвид Джонатан және Рикардо Амаранте

"Бірінші бөлім классикалық бидің қуанышын білдіреді. Ең әдемі классикалық би көрсетіледі. Екінші бөлімде өзгерістер орын алады. Өмірімізде өзгерістер орын алғанда біз жанымызда өзімізді түсінетін қымбатты адамдардың болғанын қалаймыз. Екінші бөлімде біз осыны айтқымыз келеді. Мұны тағы да сценографидағы өзгерістерден, балет әртістерінің костюмдерді ауыстыруынан байқайсыз. Ал үшінші бөлімде сенімсіздік жойылады. Би қуанышы, еркіндік, өмірді сезінудің жаңа кезендері көрсетіледі", — дейді балетмейстер. 

Бразилияқ танымал хореограф: Қазақстандық балет бишілері әлемдегі ең үздік әртістер атана аладыБразилияқ танымал хореограф: Қазақстандық балет бишілері әлемдегі ең үздік әртістер атана аладыБразилияқ танымал хореограф: Қазақстандық балет бишілері әлемдегі ең үздік әртістер атана аладыАл  “Болеро” балетін Қазақстанда осыдан 51 жыл бұрын Болат Аюханов қойған екен. Арада осыншама уақыт өткеннен кейін бразилиялық хореограф Рикардо Амаранте балетті қайтадан жандандырып, қазақ сахнасында қойып отыр. Қойылымда заманауи би қимылдары классикалық музыкамен үйлесіп, эмоционалды шиеленестің керемет ұлғаюын көрсетеді. Жалпы, француз композиторы Морис Равель Ида Рубенштейннің өтініші бойынша, “Болероны” оркестрге арнап жазған. Сазгер Испан елінің ерекше өнерін жақсы білген екен. 

Бразилияқ танымал хореограф: Қазақстандық балет бишілері әлемдегі ең үздік әртістер атана аладыБразилияқ танымал хореограф: Қазақстандық балет бишілері әлемдегі ең үздік әртістер атана алады

Бразилияқ танымал хореограф: Қазақстандық балет бишілері әлемдегі ең үздік әртістер атана аладыЖоғарыда аталған үш балет те шетелдік хореографтармен арнайы Алматы труппасы үшін қойылған. Дэвид Джонатан мен Рикардо Амаранте отандық балет әртістерімен бірге жұмыс істеу құрметіне ие болғанын жоғары бағалайды екен. Екеуі қазақстандық балет бишілерімен жұмыс істеу туралы ұсыныстарға әрдайым ашық екенін айтты. 

“Әрине, әр елдің жұмыс істейтін өзіндік жүйесі бар. Әйтсе де, балеттегі жұмыстың бір екенін ескергеніміз жөн. Қазақстандағы балет әртістері өте мықты. Көп уақыт жаттығатындары, жұмыстары керемет. Баллет әртістері әрі қарай да мемлекеттен қолдау алып, әртүрлі стильдермен жақсы жұмыс істеуді жалғастыруы тиіс.

Олар бірнеше хореографтармен, түрлі стильдермен жұмыс істеуді тоқтатпай, әрдайым шеберлікті шыңдап, үйренуден қашпаса, мықты баллет бишілері атана алады. Тіпті олар әлемдегі ең үздік баллет әртістері атануы мүмкін. Айтып өткенімдей, қазақстандық балет труппасы өте күшті, потенциал бар”, — деді Рикардо Амаранте.

 Бразилияқ танымал хореограф: Қазақстандық балет бишілері әлемдегі ең үздік әртістер атана аладыӨз кезегінде үш балетті қойылымда басты рөлдердің бірін ойнаған балет әртісі Рахим Даиров шетелдік хореографтармен істеген жұмыстан алған тәжірибесімен бөлісті.

“Дэвидтің қойылымында классикалық би заманауи бимен араласқан. Ал Рикардода заманауи стиль, пластика, эмоционалдық күй басым. Белгілі бір қимылдарды істеуден бөлек, жан күйі маңыздырақ. Ерекшеліктері осында. Екі хореографтарда өте дарынды. Екеуі әр әртісті сезіне біледі. Әрине, дайындық кезінде қиындықтар болған жоқ емес, болды.

Шығармашылық жұмыс болған соң, әртістер мен қоюшылардың арасында залдан шығарып тастайтындай түсініспеушіліктер туындады. Жұмыс процессі болған соң, мұндай жағдайлар болмай тұрмайды ғой.

Олар екеуі алғаш рет келгенде біз театр репертуарындағы қойылымдарды қойып жүрдік. Театрда бір қойылым қойып, ал дайындық залында мүлдем басқа қойылымға дайындалу оңайға соққан жоқ. Екеуімен жұмыс істеуден алған тәжірибемді өте қызық, өте құнды деп бағалаймын, — деді.

Белгілі балет сыншысы Флюра Мусинаның сөзінше, шетелдік қоюшы-хореографтрамен, режиссерлармен жұмыс істедік деп мақтанып қоя салу дұрыс емес. Мұның шетелдік өнер адамдарына да берілген жақсы мүмкін екенін ұмытпау қажет. Үлкен театрға келіп, кәсіби деңгейдегі білікті труппамен жұмыс істеп, ойындағы идеяларын жүзеге асыру олар үшін де үлкен бақыт. 

Қазақ мәдениеті мен балет өнерінің алар асуы, бағындырар шыңы әлі алда екеніне сенімдіміз. Мәдениет әлемінен нәр алып, қанаттанғыңыз келсе, тұсауы бүгін кесілетін үш балетті тамашалап қайтуға кеңес береміз. 

Ф. Шопен. "Шопениана"
Музыкасы — Ф. Шопен
Хореографиясы  — Михаил Фокин
Суретшісі  — Вячеслав Окунев
Жаңа хореографиялық редакциясы — Гүлжан Түткібаева
Қоюшы-дирижері — Ерболат Ахмедьяров 

И.С. Бах. "Бах шығармашылығын тану"
Музыкасы — И.С. Бах оркестрмен бірге фортепианоға арналған Концерт №1 (ре минор) BWV 1052
Қоюшы-дирижері — Ерболат Ахмедьяров
Хореографиясы —  Дэвид Джонатан
Костюмдер бойынша суретші, сценограф — Пауло Роза Сантана 
Фортепиано партиясы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Амир Тебенихин 

М. Равель. "Болеро"
Музыкасы — Морис Равель
Қоюшы-дирижері  — Ерболат Ахмедьяров
Хореографиясы — Рикардо Амаранте 
Костюмдер бойынша суретші, сценограф  — Пауло Роза Сантана

 

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Фото: Stan.kz, Николай Постников.

Талқылау