«Брат или брак» комедиясы прокатқа шыққан алғашқы аптада-ақ үздіктер қатарына кірді
Тәуекел Мүсілім басты рөлдердің бірін сомдаған «Брат или брак» комедиясы прокаттағы алғашқы аптада-ақ кассалық табысы бойынша көш бастаған.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Жарнамасы жер жарған «Брат или брак» картинасы, көрермен көңілін алдамаған секілді. Фильм прокатқа шыққан алғашқы аптада 86 млн теңгедей қаржы жинақтап үлгерді. Жұлызды актерлік құрам мен Құралай Анарбекованың сәтті продюсерлігі өз жемісін беруде. Заманауи әзілі, қызықты сюжеті мен келісті кейіпкерлері бар бұл лента, осылайша табыстылар көшін бастап тұр.
Ертегі әлеміне аяқ асты тап болған мәскеулік жігіт Иванның хикаясы да табыстылар сапында. Ресейлік«Последний богатырь» фэнтези туындысы өткен жұмада қоржынын 40 млн теңгеге толтырып, екінші орынға жайғасқан.
Үздік үштікте Джерард Батлер басты рөлді сомдаған «Геошторм» фантастикалық боевигі. Картина бұл бес күндікте 17 млн теңге еншілеген.
Атышулы, «Матильда» қазақстандық топ-5 картинаның қатарына да кірмеген. Ол үлкен экрандардан көрсетілген алғашқы аптадан, бар жоғы 13 млн теңегені қанағат етуде.
Жіберіп алмаңыз:
11-сынып оқушысы: Ләйлә Сұлтанқызының тікелей эфирдегі сөйлеу этикасы көңілге қона бермейді
Мақпал Жүнісова қызы Мерейге марқұм жарының туған жерін көрсетті (видео)
Табысты актер Асылхан Төлепов бір кездері базарда банан сатқанын айтты
Той жасаудың қиындығын түсінген Арман мен Аша әріптестерінен кешірім сұрады (фото)