Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бозымбаев: Мен ұлымды азаматтық әрекеттері үшін құрметтеймін

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев зорлау әрекетіне  қатысты қылмыстық іске жауап берген ұлы Дәурен Бозымбаевтың ешқандай жаман іске қатысы жоғын мәлімдеді, – деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

8617040

«Менің ұлыма не қандай да бір іске қатысты сұрақтарыңыз болса, оны құқық қорғау органдары мен сот органдарына қойыңыздар. Ол жақта қазір аппеляция жүріп жатыр. Сондықтан мен ешнәрсе айтқым келмейді. Мен ұлымды азаматтығы үшін сыйлаймын. Және ешқандай лас әрекетке бармайды деп сенемін», – деді Бозымбаев пресс-конференцияда.

«Сот органдары мен құқық қорғау органдары бәрін өздері шешеді. Ал бағаны заңгерлер береді. Менің бар айтарым осы», – деп қосты әкім.

Мамыр айында ҰҚК арнайы тобы Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтан ақша бопсалаған «Версия» газетінің редакторы Ярослав Голышкинді ұстаған болатын. Сотқа дейінгі тергеу амалдары Бозымбаевтың арызы бойынша жүргізілді. Әкім құқық қорғау органдарына арызданып, одан әлдекімдердің 500 мың доллар талап еткенін, оның орнына ұлының қыз зорлаған видеосын беретінін айтқан.

Қазан айында Голышкин 8 жылға қатаң ұстау түрмесіне жабылып, мүлкі тәркіленді. Прокуратурада берген мәліметтерге сәйкес, әкімнің ұлы осы іске қатысты жауап беріп, оқиғаға ешқандай кінәсі жоғы анықталған еді.

Талқылау