Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Бойжеткеннің 12 жыл бұрын жоғалтып алған сақинасы мұрнынан шықты
Ұлыбританияның Китли қаласында бойжеткенмұрнына сақина тұрып қалғанын 12 жыл бойы байқамай жүрген.

Бұл туралы Metro басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
«Әдеттегі күн болатын. Мен диванда отырып, кенеттен түшкіріп жібердім. Мұнан кейін орамалға қарап: «Мынау не?» – деп ойладым. Орамалда сақина жатты», – дейді 20 жастағы Эбигейл Томпсон.
Белгілі болғандай орамалда 2007 жылы жоғалып кеткен сақина жатқан. Бойжеткен түшкірген кезде, сақина мұрнынан шығып кетіпті.
Анасы ол сақинаны қыздың 8 жасында туған күніне сыйлаған екен. Арада бірнеше ай өткеннен кейін сақина жоғалып кеткен. Сол кезде Эбигейл өз құрбыларынан күдіктеніпті.
«Оның мұрнымда тұрып қалғаны туралы ой миллион жыл өтсе де миыма келмейтін еді», – дейді ол.
Қыздың анасының сөзінше, Эбигейл мұрнын шұқыған кезде сақина ішінде тұрып қалған.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр