Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен салонда маникюр жасатамын деп саусағының бір бөлігінен айырылды

Аустралия тұрғыны маникюр дұрыс жасалмағандықтан саусағының бір бөлігінен айырылды.

Бойжеткен маникюр жасатамын деп тырнағының бір бөлігінен айырылды

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Стелла Фальконе маникюр салонына барған. Қызға қызмет көрсеткен шебер оның  тырнағының сірқабығын аздап жарақаттап алыпты. Соның салдарынан жарақат орнына бактерия түсіп, Стелла ауруханаға баруға мәжбүр болды. Оған алты күннің ішінде 5 рет ота жасалды.

«Маникюр салонындағы құрылғы зарарсыздандырылмаған болып шықты. Соның салдарынан саусағымның бір бөлігінен айырылдым», – дейді Фальконе.

Белгілі болғандай, осыдан кейін көптеген әйел тырнақ күтімінің дұрыс жасалмауы себепті инфекциялық аурулар жұқтырғанын айтқан. Аустралиялық Рита Павлис те маникюр салонына барғаннан кейін саусағының бір бөлігінен айырылған екен.

«Дәрігерлер саусағымды тілуге мәжбүр болды. Содан кейін тырнақсыз қалдым», – дейді ол.

Айта кетсек, еліміздегі сән салондарының көбінде де санитарлық талаптар сақталмайды екен. Маникюр жасайтын құрал-саймандардың дезинфекцияланбайтындықтан гепатит пен зең ауруын, тіпті ВИЧ жұқтыру қаупі бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау