Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен кіндігін алдырып, жігітіне сыйлады

Денесін өзгерткенді ұнататын Мексиканың Халисо қаласының 23 жастағы тұрғыны Паулина Ландерос жігітіне ерекше сыйлық жасады. 2015 жылы ол «адамды адам ететін» кіндігін алдырып, сүйіктісі Дэниел Рамиреске сыйлық ретінде ұсынды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бойжеткен кіндігін алдырып, жігітіне сыйлады

Паулина денені өзгертудің барлық түрлеріне қызығады. Ол татуировка, пирсингті жақсы көреді. Оның омыртқасы басынан аяғына дейін тесілген, сонымен қатар бойжеткен тілін екіне жырып тастаған.

Денесін өзгерткенді ұнататын Мексиканың Халисо қаласының 23 жастағы тұрғыны Паулина Ландерос жігітіне ерекше сыйлық жасады. 2015 жылы ол «адамды адам ететін» кіндігін алдырып, сүйіктісі Дэниел Рамиреске сыйлық ретінде ұсынды

Оғаш қылықты мексикалық ару бұл өзгерістің бәріне қатты қызығатынын және оның қарапайым адамдардың үстінен «көтерілуге» мүмкіндік беретінін айтты. Өзгелерден ерекшеленгісі келген бойжеткен менеджмент және туризм факультетінде оқиды.

Бойжеткен кіндігін алдырып, жігітіне сыйлады

«Мен отбасыммен тығыз қарым-қатынаста емеспін. Мен қатты ашуландым және барлық адамдармен қарым-қатынасты үзгім келді. Мен өзімді бұзып, қарама-қайшы нәрсе істегім келді», -дейді Паулина.

Бойжеткен кіндігін алдырып, жігітіне сыйлады

Содан Паулина «бізді адам жасайтын» кіндікті алып тастауды шешті. Қыздың айтуынша, оны алып тастау өзін адам ретінде жоюдың символикалық тәсілі болды.

Отаны кәсіби хирург жасағанына қарамастан, Паулина әрең қалыпқа келді. Дәрігер қызға жараны күтуге қатысты нақты ұсыныстар қалдырмаған. Содан қыз өздігінен отырып тұра алмай, әрең қозғалды. Ал осы әрекеттердің бәрі ауырсынуды тудырды.

Денесін өзгерткенді ұнататын Мексиканың Халисо қаласының 23 жастағы тұрғыны Паулина Ландерос жігітіне ерекше сыйлық жасады. 2015 жылы ол «адамды адам ететін» кіндігін алдырып, сүйіктісі Дэниел Рамиреске сыйлық ретінде ұсынды

«Жара бірте-бірте жазыла бастағанымен, бірақ ешқашан толық жабылмайды»,- дейді бойжеткен.

Паулина жігітін қатты жақсы көрді. Ол оны өміріндегі ең маңызды адамдардың бірі деп атайды. Сондықтан Паулина сүйіктіне өздерінің махаббаттарының нышаны болу үшін ерекше нәрсе беруді шешті.

«Мен кіндікті пакетке салып, «мен сені жақсы көремін» деп хат жазып жібердім. Бұл өте әсерлі болды»,- дейді қыз.

Бойжеткен кіндігін алдырып, жігітіне сыйлады

Ал Даниэль сүйіктісінің сыйлығын сақтап қойды. Ол бұның Паулина үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Кейінірек ғашықтар айырылысып кетті. Қазір олар жай ғана достар, бірақ қыз өмір бойы бір-бірін жақсы көріп өтетіндерін айтуда.

«Мен өзімді анамның орнына қойып көрсем, бұл әрекетіме өкінемін. Бұл оған қатты соққы болған секілді, себебі ол өте көңілсіз болды»,- дейді Паулина.

Қазір Паулинаның отбасымен қарым-қатынасы жақсарды. Паулина өз ісіне қатты өкінеді және бұл оқиға қазір болса, мұны ешқашан жасамас едім дейді. Бойжеткен басынан өткен оқиғаларға қарамастан, осы жағдай оған көп нәрсе үйретті деп санайды.

Денесін өзгерткенді ұнататын Мексиканың Халисо қаласының 23 жастағы тұрғыны Паулина Ландерос жігітіне ерекше сыйлық жасады. 2015 жылы ол «адамды адам ететін» кіндігін алдырып, сүйіктісі Дэниел Рамиреске сыйлық ретінде ұсынды

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау