Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен iPhone алып бермейтінін білген соң жігітті өзін зорлады деп айыптады

Мәскеулік жігіт бойжеткенге iPhone алып берем деген уәдесін орындамаған. Осыдан соң қыз полицияға шағымданады.

29179146511c235c7b034dd2623c2e21__1440x

Мәскеуде сот 27 жастағы 3-курс студентін 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Оқиға 2016 жылдың көктемінде болған, деп хабарлайды Life.ru.

16 жастағы Анастасия В. Apple телефонын алып бермегені үшін анасымен ұрысып қалған. Анасына ренжіген күйі кетіп қалып түні бойы саябақта отырады. Сол жерде 27 жастағы Мекан А. есімді жігітті кездестіреді. Жігіт оған телефон алып беретінін, алайда оның ақысы ретінде интимді қатынас қажет ететінін айтады. Бұған қыз да келісім береді. Арада бір сағат өткен соң жігіт телефонмен оңаша сөйлесу керек екенін айтып, содан қайтып келмеген.

Өзіне ұрса ма деп ойлаған қыз анасына келіп өзін зорлағанын айтады. Осыдан соң полицияға хабарлайды.

Сот отырысында бойжеткен жігітпен жыныстық қатынасқа өз еркімен түскенін, сондықтан оны жазаламауын сұрайды. Алайда, кәмілет жасқа толмаған қызбен секспен айналысқаны үшін айыпталушыны 8 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң ұстау абақтысында өтеуге шешім шықты.

Жіберіп алмаңыз:

Теміртауда ер адам 16 жастағы қызды қаңырап қалған ғимаратқа апарып зорлап тастаған

Қазақстанда балаларға көрсетілген жыныстық зорлық бойынша адам шошырлық деректер жарияланды

Шымкентте әйелі күйеуінің өз туған қызын зорлап жатқан жерінен үстінен түскен

Талқылау