“Босқа сайрама”: Ақбота Керімбекова өмірін өсектейтін халыққа ән арнады (видео)
Ақбота Керімбекованың шығармашылығында тың жаңалық. Осы уақытқа дейін мұңлы да лирикалық әндерімен халықтың көңілін баураған әншінің ендігі бағыты өзгерген. Керімбекованың тың туындысы жеке өмірін өсектейтін халыққа арналады, деп жазады Stan.kz.

Әншілердің жеке өмірін әңгімеге арқау еткенді ұнататын жандарға арналған ән “Маған бәрібір” деп аталады. Аталған туындының сазын Керімбекованың өзі жазған. Ал сөзі Индира Елубаеваға тиесілі.
“Өнер адамдарының өмірін аңдып, өзгені өсектегеннен ләззат алатын қызық жандар! Бұл ән сіздерге арналады. Қадірлі де,қ ұрметті өсекшукалар, келіңіздер бірге билейік”, – дейді Ақбота.
Айта кетейік, дәл осындай мәндегі әнді бұған дейін Жанар Дұғалова мен Бүркіт шығарған болатын.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"