Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бөлмеге қамап, балтамен қорқытқан: Қостанай облысында полицейлер анасын ұлынан құтқарып қалды

Қостанай облыстық полицейлері баласынан зәбір көрген анасын құтқарып қалды.

56 жастағы ер адам психикалық ауруханада есепте тұрған. Ол анасын бөлмеге қамап, балтамен қорқытқан.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, полиция подполковнигі Әлім Бажикбаевқа “Самал” жеке пәтер мен нысан бірлестігі төрайымы Әлия Бабенованың атыан алғыс хат келді. Ол полиция қызметкеріне кәсіби біліктілігі мен қызметтік міндетін атқарғаны үшін алғыс айтты.

Полицейлер тұрғынның хабарынан соң дереу оқиға орнына жетті. Рудный қаласының тұрғындары бірнеше рет ашушаң көршісі барын айтып шағымданған.

Анасы мен баласы жиі ұрысатын. Сондый бір кезекті ұрысты естіген көршілері олардың пәтер төрайымына айтады. Төрайым полицияға хабарлайды.

Полицейлер есікті қаққанда ешкім ашқан жоқ. Ол пәтерден біраз уақыт ешкім шықпаған.

Арнайы маман шақырылып, есікті ашты. Бөлме іші қоқысқа толы, сасық иіс мүңкіп тұрды. Арғы бөлмеде қолына балта ұстаған ер адам шықты. Ол балтамен анасын қорқытқан.

Полицейлер жігіттің қолындағы балтасын алды. 56 жастағы ер адамның психикасы бұзылған. Ол тексерілу үшін психикалық диспансерге жіберілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау