Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болашақта жасанды ет дәмі жағынан шынайы еттің алдын орап кетуі мүмкін

Енді бес жылдан соң жасанды еттен жасалған бешбармақ жеуіміз мүмкін. Mosa meat компаниясы мамандары осы бағытта жұмыс істемек.

cibo-del-futuro

Сурет datalook.io сайтынан алынды

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Жасанды ет дәмінің сапасы жағынан кәдімгі мал етінен қалыспайды. Бұл жасанды ет сиыр жасушаларынан жасалған. Екі жыл бұрын ғалымдар алғаш рет гамбургерді жасанды еттен дайындап көрген еді. Оның бағасы 273 мың доллар болған. Ал қазір “шыны түтікшеде жасалатын ет” бағасы келісіне 80 долларға дейін арзандады. Ал бес жылдан соң ол тіпті түсуі мүмкін. Айтпақшы, ондай етті вегетариан адамдардың да жей беруіне болады.

Жасанды еттің дәмін татқан адамдар, оның дәмі тұщы екенін айтқан. Жоба үйлестірушілері бұл жетіспеушіліктің орынын толтырамыз деп отыр. Олар шыны түтікше арқылы темірді көптеп қосу арқылы дәмді ет жасап шығаруға ниетті.

Талқылау