Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Боксшы Жаңқош Тұраров Әли Оқаповтың бейнебаянына түсті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраров Әли Оқаповтың «Жеңiмпаз» атты әнінің бейнебаянына түсті.

bdf3117b3ddc8fd41634fe12c421103e_resize_w_1140_h_696

Ән 2017 жылы Алматыда өтетін Универсиадаға арналған.

«Универсиада секілді маңызды жобаларға өз үлесімді қосу – мен үшін үлкен мәртебе. Сондықтан бұл ұсыныстан бас тартпадым. Спорт жарысында жеңіске ұс\мтылғанымыз сияқты, түсірілім барысында да ракурстан 10 рпет өткен шығармыз. Режиссер бәріне қатал талап қойып, спортшы не актер деп бөлмеді», – дейді Тұраров Vesti.kz сайтына берген сұхбатында.

Жанқош қаңтар айының соңына қарай АҚШ-қа жаттығуға кететінін айтты. Сонымен қатар, ол өзінің промоутерлік компаниясының қарсыластарды қарастырып жатқанын, АҚШ-та екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

«Біз Астанада ЭКСПО аясында үлкен бокс кеші өтеді деген үміттеміз. Сол кеште Қанат Исламмен және басқа танымал боксшылармен бірге қазақстандық спортсүйер қауымға нағыз мереке сыйлаймыз деп ойлаймын», – деді боксшы.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстан президенті демалысқа шықты

Тележүргізуші Асхат Садырбай жаңажылдық бағдарламалардың қызықсыз болғанын айтты

Еліміздегі Жаңа жыл қарсаңында болған «күлкілі» ұрлықтар

2 жыл бойы сүйіктісінің отбасы барын білмеген бойжеткен оған хат жазды

Талқылау