Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер қолымен смартфонның ішін ақтарып, екіге бөліп тастады (видео)

JerryRigEverything арнасының авторы қытайлық Xiaomi Mi 5 смартфонының ішкі бөліктерін ашып, сындырып тастаған видеосын жүктеді. Ол осылайша аппараттың сапасын тексеріп көрді.

Безымянный

Сурет: lenta.ru

Смартфонның сыртқы қабығын ұстараның жүзімен зақымдап, беткі қабатының аршып, тіпті от жағып көрді. Ал, соңында телефонды қолымен ұстап тұрып екіге бөле салды. Соңында, ол смартфонды құрастырушылар оның құрылымына қажетті заттарды үнемдеп қалған деген қорытындыға келді.

Xiaomi компаниясы Mi 5 смартфонын ақпан айында Барселонада өткен Mobile World Congress 2016 көрмесінде таныстырған еді. FullHD дисплейлі құрылғы Qualcomm Snapdragon 820 процессорымен және Android 6.0 Marshmallow. Mi 5 жүйесімен  2016 жылдың 1 наурызынан бастап сатылымға шыққан.

Талқылау