Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер ана баланы сілкілеп өлтіріп қойды

Әйелдерге арналған блогты жүргізетін анаға баланы абайсызда өлтіріп қойды деп айыпталды. Дәрігерлердің айтуынша, 26 жастағы әйел екі жасар қызды «өлгенше сілкілеген» деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Блогер ана баланы сілкілеп өлтіріп қойды

АҚШ тұрғыны Брианна Валенти сол күні өзінің 5 жасар қызы мен жігіттің 2 жастағы қызына қарап отырған. Бір уақытта әйел сүйіктісіне қоңырау шалып, оның қызының есінен танып қалғанын және дем алмай жатқанын хабарлады. Содан кейін бүлдіршін ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Бірақ, өкінішке орай күтпеген жерден есінен танған қыз алған жарақаттардың салдарынан қайтыс болды.

Дәрігер бүлдіршінді қатты сілкілегендіктен қайтыс болды деген қорытынды жасады.

Ал, келесі күні қызды қараған Валенти қамауға алынды. Оған баланы абайсызда өлтірген деген айып тағылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау