БҚО-да қайтыс болған адамның табытын зиратқа шанамен сүйреп апарды (видео)

Батыс Қазақстан облысында тұрғындар қалың қардың тазаланбауына байланысты қайтыс болған адамның табытын зиратқа шанамен сүйреп әкелді. Бұл туралы қайтыс болушының туысы Юлия Луганская «Уральская неделя» тілшісіне айтып берді,  деп жазады Stan.kz.

БҚО-да қайтыс болған адамның табытын зиратқа шанамен сүйреп апарды (видео)

Мұндай жағдай БҚО-дағы Теректі ауданына қарасты Долинное кентінде болды. Қыс бойы жауған қар тазаланбағандықтан, зиратқа апаратын жолды қалың қар басып қалып, тұрғындар қайтыс болған адамды зиратқа шанаға салып апарған. 

«Менің ағайым Василий Маликов 3 наурызда жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болды. Сол күні біз оны Оралдағы мәйітханаға алып кеттік. Сонда аудан әкімі Талғат Манатауов мәйітті Оралға жеткізуге көлік берді. 4 наурызда да, біз ағайымыздың денесін әкім берген көлікмен қайта жеткізген болатынбыз », - дейді Долинный кентінің тұрғыны Юлия Луганская.

Юлияның айтуынша, қыс бойы тазаланбағандықтан ауылда қар өте көп.
«Әрине, адамдар үйлерінің айналасын өздері тазалайды. Бірақ, зиратқа жету мүмкін емес. Жолды тазарту үшін арнайы техника қажет», дейді Юлия Луганская.

Зиратқа баратын жолды қалың қар басып жатқаннан кейін Юлияның отбасы Талғат Манатауовқа қарды тазартуды сұрауға барған екен.

«Әкім ағайымызды жерлейтін күні таңертең келіп: «Бізде жолды тазалайтын жабдық жоқ, ал қарды тазартамыз деп тендерді ұтып алғандар жоғалып кетті», - деді. Бұны естігенде не сезінгенімді сөзбен жеткізе алмаймын. Ақыры ағайымды зиратқа шанаға салып апатуға тура келді. Бұл шанамен біз арнайы  тобатаймен су  тасимыз. Мұның бәрі енді адамдыққа жатпайды ғой», - дейді Юлия Луганская.


 

Загрузка...
Қазір оқып жатыр