БҚО-да ВИЧ-ке шалдыққан әйел өз дертін сәбиіне жұқтырған
БҚО-да облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу орталығының бас дәрігерінің орынбасары Алмагүл Мантақова АИТВ (ВИЧ) дертін жұқтырған адамдарды алалау олардың құқығын таптау деп санайтынын айтты. Оның сөзінше, қауіпті вирус еркектің ұрығында, қанда және омырау сүтінде болады екен.
Бұл туралы «Мой город» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Осылайша АИТВ дертін жыныстық жолмен, омырау сүтімен жұқтыруға болады. Яғни АИТВ дертіне шалдыққан ана өз баласын емізгенде ауруды жұқтырады. Біз мұндай дертке шалдыққан науқастарға босанғаннан кейін сәбиді емізбеуін ескертіп отырамыз», – дейді Алмагүл Мантақова.
2017 жылы АИТВ дертіне шалдыққан 4 жүкті әйел босанып, біреуінің сәбиі дерт жұқтырған. 2018 жылы аталған дертке шалдыққан бір әйел босаныпты.
«Келіншек өз баласына да АИТВ жұқтырды. Ол өз дерті туралы күйеуі мен анасына айтуға қорыққан. Сөйтіп жүріп сәбиін емізген. Аталған дертке шалдыққан әйелдер дүниеге сәби әкелуге құқылы. Себебі бүгінгі күні аурудың анадан балаға берілуінің алдын алуға болады», – дейді ЖИТС орталығындағылар.
Оқи отырыңыз:
Денесінің жартысын күйік шалған қазақстандық бала Кореяда емделіп жатыр
Ақтөбе облысында әйел бет тазарту процедурасынан кейін қауіпті диагнозбен ауруханаға түсті
Ақтөбеде бір жасар сәбидің неліктен соқыр болып қалғаны анықталды
Еліміздің әр өңірінде балаларға арналған тегін спорттық секциялар ашылды

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
